Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
384-бап. Арызды қарау
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1.
Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызды сот іс қозғалған кезден бастап он күн ішінде қарайды.
2.
Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыз шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның міндетті түрде қатысуымен қаралады.
3. Сот шығыстарын, сондай-ақ шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар не Қазақстан Республикасына
шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды шақырған ұйымдар немесе жеке тұлғалар көтереді. Аталған адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды өтеуге қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-384/