Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

385-бап. Арыз бойынша сот шешімі

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы сот шешімі оны қабылдаған күннен бастап заңды күшіне енеді және шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберуге негіз болады.
2. Шешімде шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс мерзім көрсетіледі.
3. Соттың шешімі орындау үшін ішкі істер органдарына жіберіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-385/