Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

402-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қарайтын соттар

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге, сондай-ақ осы Кодекстің 27-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы алқаның кемінде үш судьясының алқалы құрамында қарайды. Осы Кодекстің 27-бабы 1-2-бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын астананың соты қарайды. Аудандық және оларға теңестірілген соттар оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шығарған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын, ұйғарымға жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын судья жеке-дара қарайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-402/