Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

406-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Осы Кодекстің 401-бабы екінші бөлігінің екінші абзацында, 403-бабының екінші бөлігінде және 404-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым берілген, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген кезде судья шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыратын ұйғарым шығарады және шағым берген адамға, өтінішхат келтірген прокурорға кемшіліктерді түзету үшін мерзім тағайындайды.
2. Егер апелляциялық шағым берген адам, өтінішхат келтірген прокурор ұйғарымдағы нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа алғашқы ұсынылған күні берілді деп есептеледі.
3. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-406/