Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

414-бап. Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарауға дайындау

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Істі апелляциялық шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге алған апелляциялық сатыдағы соттың судьясы бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындағанын тексереді. Бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындамаған жағдайда, кемшіліктерді апелляциялық сатыдағы сот жоя алатын жағдайларды қоспағанда, іс кемшіліктерді жою үшін бірінші сатыдағы сотқа қайтарылуы мүмкін.
2. Судья іс сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз бастамасы бойынша немесе іске қатысатын адамдардың өтінішхаты бойынша, істі қарауға дайындау тәртібімен осы Кодекстің 165-бабында көзделген әрекеттерді жүргізуге құқылы. Судья осы Кодекстің 17-тарауында көзделген талаптарға сәйкес татуласу рәсімдерін өткізеді.
3. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-414/