Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

434-бап. Кассациялық тәртiппен қайта қарауға жататын сот актiлерi

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, осы Кодекстің 27-2-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілері кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
2. Мынадай:
1) осы Кодекстің 12 және 21-1-тарауларында көзделген оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған;
2) татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған;
3) талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы отыз мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты; ҚР Конститутциялық Сотының 24.12.2024 № 56-НҚ нормативтік қаулысымен 434-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.
4) талап қоюдан бас тартуға байланысты аяқталған істер бойынша;
5) азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы, берешекті қайта құрылымдау туралы істер, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсім шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі, оның ішінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, қаржы басқарушысының, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша сот актiлері кассациялық тәртiппен қайта қаралуға жатпайды. Осы бөліктің күші осы Кодекстің 27-2-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілеріне қолданылмайды.
3. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерi оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген істер бойынша сот актілері осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосы бірінші басшысының Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін. Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы инвестициялық жобаны іске асырумен байланысты қатынастардан туындайтын істер бойынша инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың мүдделерін қозғайтын, заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіруге құқылы.
4. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерi оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген істер бойынша сот актілерін қоспағанда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген бірінші және апелляциялық сатылардың сот актілері осы Кодекстің 427-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
5. Алып тасталды - ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-434/