Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
438-бап. Iстердi талап етіп алдырудың және заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қарау негiздерi
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Кассациялық соттың судьялары азаматтық iстi кассациялық тәртiппен тексеру үшiн тиiстi соттан талап етiп алдырады.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы не олардың тапсырмасы бойынша облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар, сондай-ақ Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры азаматтық істі кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.
Азаматтық істі прокурордан талап етіп алдыру жағдайында кассациялық сатыдағы соттың кассациялық шағым түсуіне байланысты істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуы іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде прокурордың орындауына жатады.
2. Алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Сот iстi талап етіп алдыру туралы сұрау салуды ол сотқа келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей орындайды.
Прокурор істі талап етіп алдырған жағдайда, кассациялық наразылық келтiру туралы өтiнiшхатты прокурор iс прокуратураға келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.
5. Заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
6. Мыналар:
1) қабылданған қаулының орындалуы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соғуы мүмкін болатын жағдайларда;
2) қабылданған қаулы адамдардың әлдеқандай тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын жағдайларда;
3) қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайларда, осы Кодекстің 434-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-438/