Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

439-бап. Наразылық келтіру

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры наразылық келтіреді және оны іспен және өтінішхатпен бірге кассациялық сотқа жібереді.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосы, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы наразылықтың көшірмелерін іске қатысатын адамдарға жібереді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-439/