Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
445-бап. Кассациялық сатыдағы соттың сот отырысын тағайындау
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Кассациялық сатыдағы сот істі алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай әрекеттерді жасайды:
1) тараптарға кассациялық сатыда қарау үшін кассациялық шағымның, прокурор наразылығының қабылданғаны туралы хабарлама жібереді;
2) іске қатысатын тұлғаларға кассациялық шағымның, наразылықтың және оларға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін не олардың электрондық көшірмелерімен соттың интернет-ресурсы арқылы танысу мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді;
3) тараптарға ұсыну мерзімін көрсете отырып, кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында пікір беру тәртібін түсіндіреді;
4) осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес тараптарды татуласу рәсімдеріне қатысу құқығы туралы хабардар етеді.
2. Iс ақылға қонымды мерзiмде, бiрақ сотқа келiп түскен күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзiмде қаралуға тиiс.
3. Кассациялық сатыдағы соттың істі қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған іске қатысатын адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-445/