Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
446-бап. Сот актiсiн қайта қарау туралы кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікір
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Іске қатысатын тұлға сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына пікірін қайта қаралуға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, іске қатысатын басқа да адамдарға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді.
Өкіл сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына пікірін қайта қаралуға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қарсылықтарға негіз болған дәлелдемелер мен заң нормаларына сілтеме жасап, іске қатысатын басқа да тұлғаларға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді.
Іске қатысатын басқа да тұлғаларға пiкiрдiң көшiрмелерi жiберiлгенiн растайтын құжат та пiкiрге қоса беріледi.
2. Пікір сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымның немесе прокурор наразылығының көшірмесі алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
3. Пiкiрге iске қатысатын тұлға немесе оның өкiлi қол қояды. Пікір электрондық құжат нысанында берілген кезде ол оны беретін тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Пiкiрге өкілдің өкiлеттiгiн растайтын сенiмхат қоса беріледі. Электрондық құжат нысанында берілетін пікірге құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-446/