Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

450-бап. Істi кассациялық сатыдағы соттың қарау тәртібі

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Төрағалық етушi сот отырысын ашады және қарауға жататын істі, соттың құрамын және іске қатысатын, сот отырысы залында отырған адамдарды жариялайды, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
2. Істі қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген кассациялық шағым берген адамның, прокурордың болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды.
3. Мәлімделген өтінішхаттар шешілгеннен кейін сот кассациялық шағым, наразылық берген адамды тыңдайды.
4. Кассациялық сатыдағы сот прокурорға кассациялық сатыда қаралуға жататын барлық істер туралы уақтылы хабарлайды.
5. Кассациялық шағым берген адам, прокурор өздерінің пiкiрi бойынша дау айтылатын сот актісі заңсыз болып табылатын уәждер мен дәлелдерді жазып бередi. Төрағалық етушi содан кейiн сот белгiлейтін тәртiппен iске қатысатын басқа да тұлғаларға сөз бередi. Олар сөз сөйлегеннен кейiн прокурор, егер ол сот отырысына қатысып отырған болса, iс бойынша қорытынды бередi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-450/