Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
449-бап. Істi кассациялық тәртіппен қарау нысанасы және шектерi
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
1. Iстi кассациялық тәртiппен қарау кезiнде сот iстегі материалдар бойынша
кассациялық шағымның, наразылықтың дәлелдерi шегiнде соттар шығарған сот актiлерiнiң заңдылығын тексередi.
2. Кассациялық сатыдағы сот заңдылық мүддесiнде
кассациялық шағымның немесе наразылықтың шегiнен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-449/