Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан Қолданыста Кодекс ·№ 377-V ·31.10.2015
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

454-4-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау

Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V

1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды өткізу уақыты мен орны туралы тараптар хабардар етіледі.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауы ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бағынысты прокурорларының қатысуы міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстің 454-1-бабында көзделген негіздер анықталған жағдайда мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырады;
2) апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын немесе бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып немесе оның күшін жойып, кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгертеді;
3) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдырып, кассациялық және апелляциялық сатылардағы соттар қаулысының күшін жояды;
4) кассациялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
5) кассациялық сатыдағы сот қаулысының, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы қаулының және бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жояды және істі тоқтатады.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы жария етілген күнінен бастап заңды күшіне енеді және түпкілікті болып табылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулыда баяндалған процестік әрекеттерді жасау қажеттілігі туралы нұсқаулары іс жаңадан қарауға жіберілген кезде кассациялық сатыдағы сот үшін міндетті болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-454-4/