Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
502-бап. Шетелдік соттардың орындауды талап етпейтін шешімдерін тану
Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан · № 377-V
Шетелдік соттардың өз сипаты бойынша орындауды талап етпейтін мынадай:
1) сот шешім шығарған мемлекет азаматтарының ғана жеке мәртебесін қозғайтын;
2) егер некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрса, Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы;
3) егер некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрса, Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы шешімдері Қазақстан Республикасында танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/gpk/st-502/