О внесении дополнения в решение ХХIХ сессии Сатпаевского городского маслихата от 14 сентября 2010 года № 363 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению города Сатпаев"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение ХХIХ сессии Сатпаевского городского маслихата от 14 сентября 2010 года № 363 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению города Сатпаев"
- Атауы (қаз.)
- "Сәтбаев қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі ХХІХ сессиясының № 363 шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 393
- Қабылданған күні
- 23.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2010 56292_276146.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KF000112
- ЭКБ идентификаторы
- 56292
- Редакция идентификаторы
- 56292_276146
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:32
0 "Сәтбаев қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі ХХІХ сессиясының N 363 шешіміне толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. "Сәтбаев қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі ХХІХ сессиясының N 363 шешіміне (Қарағанды облысы Әділет департаментінің Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қазанда 8-6-109 нөмірімен тіркелген және "Шарайна" газетінің 2010 жылғы 22 қазандағы 81 (1842) нөмірінде ресми жарияланған) толықтыру енгізілсін:
1 1) мемлекеттік тілдегі Сәтбаев қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы (бұдан әрі – Қағида) кіріспедегі "Сәтбаев қаласының" деген сөздерден кейін "аз қамтылған" деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тілдегі Қағидадағы кіріспедегі "порядок предоставления" деген сөздерден кейін "малообеспеченным" деген сөздермен толықтырылсын;
2 2) мемлекеттік тілдегі Қағиданың 1-тармағындағы бірінші абзацтағы "Тұрғын үй көмегі" деген сөздерден кейін "аз қамтылған" деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тілдегі Қағиданың 1-тармағындағы "Жилищная помощь предоставляется" деген сөздерден кейін "малообеспеченным" деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Келісілді
"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Т. Қапарова
2010 жылғы 23 желтоқсан