Құжат мәтініне өту

О внесении изменении в решение ХХIХ сессии Каражалского городского маслихата от 18 апреля 2014 года № 234 «Об утверждении проектов (схем) зонирования земель города Каражал, поселков Шалгинск и Жайрем для целей налогооблажения»

Өзге акт · № 281 · қабылданған 26.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/i-18-2014-no-234/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменении в решение ХХIХ сессии Каражалского городского маслихата от 18 апреля 2014 года № 234 «Об утверждении проектов (схем) зонирования земель города Каражал, поселков Шалгинск и Жайрем для целей налогооблажения» Күшін жойған Өзге акт ·№ 281 ·26.11.2014
01.01.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменении в решение ХХIХ сессии Каражалского городского маслихата от 18 апреля 2014 года № 234 «Об утверждении проектов (схем) зонирования земель города Каражал, поселков Шалгинск и Жайрем для целей налогооблажения»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 281 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменении в решение ХХIХ сессии Каражалского городского маслихата от 18 апреля 2014 года № 234 «Об утверждении проектов (схем) зонирования земель города Каражал, поселков Шалгинск и Жайрем для целей налогооблажения»
Атауы (қаз.)
Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі ХХІХ сессиясының № 234 «Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін өңірлерге бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
281
Қабылданған күні
26.11.2014
Көрсетілген редакция
01.01.2019 86092_695413.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14KE002905
ЭКБ идентификаторы
86092
Редакция идентификаторы
86092_695413
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:49

0 Қаражал қалалық мәслихатының

2014 жылғы 18 сәуірдегі ХХІХ
сессиясының № 234 «Салық салу
мақсаттары үшін Қаражал қаласының,
Шалғы және Жәйрем кенттерінің
жерлерін өңірлерге бөлу жобаларын
(схемаларын) бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

1

1. Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі ХХIХ сессиясының № 234 «Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін өңірлерге бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2652 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 7 маусымдағы № 24 (696) «Қазыналы өңір» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 - тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Кодексiнiң 379, 381, 383-баптарында белгiленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлiнген (бөлiп шығарылған) және казино орналасқан жерлердi қоспағанда, жер салығының ставкалары 3- қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын немесе төмендетілсін.»;
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі мәтінінің 3 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Жер салығының ставкаларын жоғарылату немесе төмендету

Қаражал қалалық мәслихатының
2014 жылғы 26 қарашадағы
XXXV сессиясының
№ 281 шешiмiне
қосымша
Қаражал қалалық мәслихатының
2014 жылғы 18 сәуірдегі
XXІX сессиясының
№ 234 шешiмiне
3 - қосымша
Жер салығының ставкаларын жоғарылату немесе төмендету
Өңірлер нөмiрлерi
Жер салығының ставкаларын жоғарылату (+), төмендету (-)
Шекаралары
Қаражал қаласы және Шалғы кенті
I
+ 27 %
5 қабатты үйлер, әкімшілік ғимарат, қонақ үй, аурухана, салық басқармасы орналасқан қаланың орталық бөлігі (шекаралары: солтүстікте - Битабар көшесі, шығыста - 12 орам, оңтүстікте - 25 орам, батыста - Дүкенов көшесі)
II
+ 20 %
Қойма үй-жайлары, жылу- сумен жабдықтау цехы, спорт кешені, мешіт орналасқан коммуналды-қоймалық аумақ (шекаралары: оңтүстікте - Битабар көшесі, солтүстік, шығыс, батыста- құрылыстан босатылған жерлер)
III
+ 5 %
Жеке сектор үйлері орналасқан қаланың батыс бөлігі (Шевченко, Амангелді, Гагарин, Қарағанды, Кенесары, Горняков көшелері)
IV
± 0 %
Теміржол көлігі объектілері қамтыған қаланың өндірістік аумағы
V
- 0,16 %
Көп қабатты құрылыс үйлері орналасқан 25 орам аумағы
VI
– 32 %
Құрылысшылар және ескі Қаражал ықшам аудандары
VII
–35 %
Станциялық ықшам ауданы
VIII
– 37 %
Шалғы кентінің аумағы
IX
–45 %
Ақтай ықшам ауданы, Степная көшесі
X
–50 %
Қаражал қаласы жерлерінің әкімшілік-аумағының шекарасындағы қалған аумағы
Жәйрем кенті
I
+ 12 %
Бизнес орталығы, қонақ үйі, сот ғимараты, мектеп (шекаралары: солтүстікте - Мамаев көшесі, батыста - Пионерская көшесі, шығыста -Металлургтер көшесі, оңтүстікте - 2 орам)
II
+ 6 %
Әкімшілік ғимараты, аурухана, Весна және Үшқатын қонақ үйлері (шекаралары: солтүстікте -Сейфуллин көшесі, шығыста – Металлургтер
көшесі, оңтүстікте - автостанция)
III
–8 %
Жеке сектор, мектеп, дүкендер аумағы (шекаралары: солтүстікте - Даулетбаев көшесі, шығыста - Молдағұлова көшесі, оңтүстікте-Шинтуринов көшесі, батыста - құрылыстан босатылған жерлер)
IV
–31 %
Батыста - Молдағұлова көшесінен Заводской көшесіне дейін жеке сектор аумағы, шығыста -Металлургтер мен Луговая көшелері арасындағы аумақ
V
– 50 %
Жәйрем кентінің жерлерінің әкімшілік-аумағының
шекарасындағы қалған аумағы

Қолданыстағы