Об установлении ограничительных мероприятий на территории товарищества с ограниченной ответственностью «Возрождение ХХI век» Уштобинского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории товарищества с ограниченной ответственностью «Возрождение ХХI век» Уштобинского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Үштөбе ауылдық округіндегі «Возрождение ХХI век» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34/01
- Қабылданған күні
- 10.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2016 106993_135931.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KK003987
- ЭКБ идентификаторы
- 106993
- Редакция идентификаторы
- 106993_135931
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:34
0 Үштөбе ауылдық округіндегі
«Возрождение ХХI век» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі аумағында шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 9-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекеме басшысы міндетін атқарушысының 2016 жылғы 6 қазандағы №06-3-02-33/479 ұсынысының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Құс (қаздар) арасынан сальмонеллез анықталуына байланысты, Үштөбе ауылдық округіндегі «Возрождение ХХI век» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2 2. Ветеринариялық-санитариялық, саулық және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Айганым Жолшоровна Акпановаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің
Бұқар жырау аудандық аумақтық
инспекциясы» басшысы міндетін атқарушы
_____________ М. Жанашев
"10" қазан 2016 жыл