Мүгедек балаларын үйiнде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларына материалдық көмек төлеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Мүгедек балаларын үйiнде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларына материалдық көмек төлеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Мүгедек балаларын үйiнде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларына материалдық көмек төлеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 190-II
- Қабылданған күні
- 06.02.2002
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2011 · қолданыстағы 12485_213561.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V02T000876_
- ЭКБ идентификаторы
- 12485
- Редакция идентификаторы
- 12485_213561
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:18
0 Мүгедек балаларын үйiнде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларына материалдық көмек төлеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихаттың 2011.07.29 № 448-II шешiмімен.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңын орындау мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедек балаларды үйiнде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 2,4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек төленсін.
2. Мүгедек балаларды үйiнде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларына материалдық көмек төлеу Ережесі бекітілсін (жалғанды.)
3. Облыс әкімі мүгедек балаларын үйiнде оқытатын және тәрбиелейтін отбасыларына төленетін материалдық көмектің уақтылы тағайындалып төленуін қамтамасыз етсін.
1 Облыстық мәслихаттың
2002 жылғы 6 ақпандағы
ХVI сессиясының № 190-II
шешiмiне қосымша
Мүгедек балаларын үйiнде оқытатын және тәрбиелейтiн
отбасыларына материалдық көмек төлеу Ережесi
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңы (енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулармен) негiзiнде мүгедек балаларын үйiнде тәрбиелейтiн және оқытатын отбасыларына материалдық көмектi (бұдан әрi - материалдық көмек.) тағайындау және төлеу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Материалдық көмек үш жастан он алты жасқа дейiнгi мүгедек балаларын (бұдан әрi - мүгедек балалар) арнаулы мекемелер мен оқу орындарында тәрбиелеуге, оқытуға мүмкiндiктерi болмаған жағдайда оларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына материалдық қолдау көрсету мақсатында төленедi.
3. Мүгедек балаларын үйiнде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына берiлетiн материалдық көмек облыстық бiлiм департаментi жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық комиссияның (ПМПКК-ның) мүгедек баланы үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттiгi туралы шығарған қорытындысы негiзiнде тағайындалады. Мүгедек баланың үйде тәрбиеленiп, оқытылуының қажеттiгiн қайталап анықтау мерзiмi осы комиссиямен белгiленедi.
2 Материалдық көмектi тағайындау
4
4. Материалдық көмек үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балалардың ата-аналарының бiрiнiң не олардың орнындағы қамқорлыққа алған адамның арызы бойынша арыз берiлген айдан бастап мүгедек баланың үйде тәрбиеленуi және оқытылуы қажет делiнген ПМПКК-ның қорытындысы негiзiнде, бiрақ баланың мүгедек деп танылған мерзiмiнен аспайтын кезеңге тағайындалады.
5 5. Материалдық көмектi тағайындауды арыз берушiнiң тұрғылықты жерiндегi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары iске асырады.
6 6. Материалдық көмектi тағайындау үшiн арызға төмендегi құжаттар тiркелуi тиiстi:
өтiнiш берушi мен мүгедек баланың тұрағы (мекен-жайы) туралы анықтама;
мүгедек баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (мүгедек балаларды қамқорлаушы ретiнде өтiнiш берушi, қамқорлаушы санатын белгiлеген органның шешiмнiң көшiрмесiн тапсырады);
облыстық бiлiм департаментi жанындағы ведомствоаралық психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялық комиссияның мүгедек баланың үйде тәрбиеленуi (3-6 жастағыларға) немесе оқытылуы (7-16жасқа дейiнгi) қажеттiгiн дәлелдейтiн анықтама;
мүгедектiгi туралы медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясының (бұдан әрi - МӘСК) анықтамасынан көшiрме.
7
7. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары материалдық көмек тағайындауға тиiстi құжаттармен түскен арызды, қабылданған күнiнен бастап бес күн мерзiм iшiнде қарап, материалдық көмектi тағайындау не одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Материалдық көмек тағайындалмайтын жағдайда, оның себебiн көрсеткен шешiмдi қосып қабылданған құжаттарды керi қайтарады.
8
8. Тағайындалған материалдық көмектi төлеу мүгедек бабалардың ПМПКК анықтаған қайталап өту мерзiмiне дейiн жүргiзiледi. Егер ПМПКК мүгедек баланы үйде тәрбиелеудi (3-6 жастағылар үшiн) немесе оқытуды (7-16 жасқа дейiнгi) одан әрi қажет деп тапса, жәрдемақы ПМПКК берген анықтама бойынша жәрдемақы тоқтатылған айдан қайта жалғастырылады.
9 9. Үйде тәрбиеленудiң немесе оқытылудың қажеттiгiн зерделеу, сондай-ақ мүгедектiгiн қайталап анықтауға байланысты белгiленген мерзімде дәлелсiз себептермен балаларын ПМПКК-нан немесе МӘСК-нан өткiзбеген отбасыларына материалдық көмектi төлеу тиiстi құжаттарды қайта тапсырған айдан жалғастырылады.
10 10. Материалдық көмектi алуды тоқтатуға себеп болатын жағдайлар туралы алушы он күн iшiнде тиiстi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына хабарлауға мiндеттi.
11 11. Артық төленген материалдық көмек сомалары, артық төлеуге кiнәлi адамдар есебiнен заңдармен белгiленген тәртiп бойынша бюджетке қайтарылуға жатады. Материалдық көмектi қаржыландыру және төлеу
12 12. Материалдық көмектi төлеу облыс бюджетiнде осы мақсатқа қаралған қаражат есебiнен жүргiзiледi.
13
13. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары ай сайын әр айдың 5-шi жұлдызына дейiн өткен ай үшiн материалдық көмек алушылардың саны мен оларға төленетiн көмек сомасын анықтап, көмек алушылар тiзiмiн жасақтайды, оны материалдық көмектi төлейтiн екiншi деңгейдегi банкке тапсырады, сондай-ақ материалдық көмектi төлеуге қажеттi қаражатқа еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiне (бұдан әрi департамент) сұраныс жолдайды.
14 14. Департамент түскен сұраныстарды жинақтап облыс бойынша материалдық көмек төлеуге қажеттi қаражатқа әр айдың 10 жұлдызына дейiн облыстық қаржы басқармасына сұраныс жолдайды.
15 15. Облыстық қаржы басқармасы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiнiң сұранысы бойынша осы мақсатқа қаралған қаражат есебiнен материалдық көмектi төлеуге және материалдық көмектердi төлейтiн екiншi деңгейдегi банктердiң комиссиялық сыйақыларын төлеуге қаржы бөледi.
Департамент өзiнiң ағымдағы шотына түскен материалдық көмектi және оны төлеумен айналысатын банктердiң комиссиялық сыйақыларын төлейтiн қаражатты үш күн iшiнде тиiстi банктер шотына аударады.