Отдельные вопросы Республиканского государственного казенного предприятия "Центр лекарственных средств "Дарi-дармек" Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Отдельные вопросы Республиканского государственного казенного предприятия "Центр лекарственных средств "Дарi-дармек" Министерства здравоохранения Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнің "Дәрi-дәрмек" дәрiлiк құралдаp орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелерi
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1081
- Қабылданған күні
- 01.10.2002
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI13270_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020001081_
- ЭКБ идентификаторы
- 13270
- Редакция идентификаторы
- AI13270_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:48
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнің "Дәрi-дәрмек" дәрiлiк құралдаp орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелерi
Дәрiлік құралдардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз ету саласындағы жұмысты жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Дәрi-дәрмек" дәрiлiк құралдар орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Дәрiлiк құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Ұлттық орталық) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2
2. Ұлттық орталық қызметiнің негiзгi мәнiсi денсаулық сақтау саласында дәрiлік құралдардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгін және сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi, сондай-ақ жаңа бiрегей дәрiлiк құралдарды әзiрлеу, фармация, фармакология саласындағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру деп белгiленсiн.
3 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Ұлттық мемлекеттiк басқарушы орган болып белгiленсiн.
4 4. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.11 N 837 Қаулысымен).
5 5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1 1) Ұлттық орталықтың Жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6 6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
7 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
10 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілiк құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылатын еншілес мемлекеттік кәсiпорындарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 2 қазандағы
N 1081 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілiк құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылатын еншілес мемлекеттік кәсiпорындарының тізбесі
📌 Ескерту. Тізбе алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.11 N 837 Қаулысымен.