Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк-қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк-қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
- Атауы (қаз.)
- Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк-қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 68/5
- Қабылданған күні
- 15.05.2003
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2009 · қолданыстағы AI16549_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03PI001814
- ЭКБ идентификаторы
- 16549
- Редакция идентификаторы
- AI16549_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:21
0 Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк-қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" № 148-II Заңын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" № 149-II Заңын жүзеге асыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру қағида бекiтiлсiн.
2 2. Жалпы топтарға жататын тұлғалардың тiзiмi анықталсын (қосымша).
3 3. Бұл қаулы қазақстан Республикасы әдiлет басқармасы Министрлiгi аумақтық органында мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап 2 апта аралығында ресми түрде жариялансын.
4 4. Бұл қаулы заңды күшiне 1 мамырдан енедi.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.О. Сағандыковқа жүктелсiн.
6 Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру ҚАҒИДАЛАРЫ
Аудан әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 16 мамырдағы
"Жұмыспен қамту саласында
азаматтарды әлеуметтiк қорғау
бойынша қосымша шаралар туралы"
№ 68/5 қаулысымен бекiтiлген
Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру
ҚАҒИДАЛАРЫ
1 1. Жалпы Ережелерi
1 1. Нақты қағида жұмыссыз азаматтар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру тәртiбiн анықтайды және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдармен есептiк жүйе мен негiзгi талаптарын реттейдi.
2 2. Нақты қағидаларда қолданылатын негiзгi түсiнiктер.
1 1) әлеуметтiк жұмыс орыны-жұмыс орыны қабылданған жұмысшылар жергiлiктi бюджет есебiнен еңбектi төлеуге жұмыс берушiнiң бөлшектi
өтемақы шығынымен жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiл органдарда тiркелген жұмыссыз азаматтарды орналастыру үшiн жұмыс берушiлермен ұсынылған, құрылған орындар.
2 2) Жалпы топтар-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" № 149-II Заңымен бекiтiлген әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн және жұмыс орналасуда қиыншылықтарды көрген азаматтар.
3 3) Әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыз азаматтарға Қазақстан Республикасының еңбек туралы, сақтандырумен зейнеттiк қамтамасыз ету заңнамалық актiлерi таратылады.
4 4) Әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасуға жолдама Лебяжi ауданының тұрғындарды жұмыспен қамту бөлiмi арқылы жүзеге асады.
2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және орынға жұмыссыз азаматтарға орналастыру
5 5) Жұмыссыздар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындары мекемелер, ұйымдармен жұмыс берушiлер, жергiлiктi бюджет есебiне қаржыландыру шарттарымен ұсынылып, құрылады.
6 6) әлеуметтiк жұмыс орындарына бағытталған жұмыссыз азаматтар еңбегiнiң шарттары жұмыссыз бен жұмыс берушiнiң арасында келiсiлген жеке еңбек келiсiм шарттары арқылы анықталады.
7 7) Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына бағыттау олардың келiсiмiмен жұмыспен қамту мәселелерi бойынша уәкiл органмен жүзеге асады.
8 8) Басымдық тәртiпте әлеуметтiк жұмыс орындарына жалпы топқа кiретiн жұмыссыз азаматтар жiберiледi.
3 3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары мен көздерi
9 9) әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көзi:
жұмыс берушiлердiң қаржысы, жергiлiктi бюджет.
10 10) Әлеуметтiк жұмыс орындарын жергiлiктi бюджет қаржысынан қаржыландыру жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жүзеге асады.
11
11) Жұмыс берушiлердiң шығысы жұмыссыз адамдар еңбегiн төлеуге, әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасқандарға еңбегiн төлеуге, белгiленген заңнама тәртiбiнде әлеуметтiк салықты төлеуге, қолданылмаған демалыс күндерi үшiн өтемақы төлеуге қаржы жергiлiктi бюджет қаржысынан бөлiнедi, жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн еңбекте төлеу мекемеде белгiленген еңбекақының 50 пайызын құрайды. Бюджеттiк қаржыны аудару бойынша есептер жұмыс берушiлердiң есептiң есептесуi жүзеге асады. Жұмыс берушiлердiң есептiң есептесуi жүзеге асады.
12 12) Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiл орган жұмыс берушiлермен жергiлiктi бюджет есебiнен әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыз азаматтарға еңбектi төлеуге бөлшектеп өтемақы төлеу бойынша келiсiм-шарт жасайды.
4 4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыруды тәртiбiн бақылау
13 13) Нақты қағиданы сақтауды бақылау белгiленген заңнаманың тәртiбiнде Мемлекеттiк органдармен жүзеге асады.
26 Ауданның жалпы топтарына жататын азаматтардың тiзiмi
Аудан әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 16 мамырдағы
"Жұмыспен қамту саласында
азаматтарды әлеуметтiк қорғау
бойынша қосымша шаралар туралы"
№ 68/5 қаулысына қосымша
Ауданның жалпы топтарына жататын азаматтардың тiзiмi