Аудандық Мәслихаттың регламентін бекіту туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2001 жылғы 23 қаңтар №148-ІІ, «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1999 жылғы 1 сәуір №357-І «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі №545 Конституциялық заңына сәйкес аудандық Мәслихат шешім етті:
Аудандық Мәслихаттың регламентiн бекiту туралы от 21.04.2004 г. № 55 (Аудандық Мәслихаттың регламентiн бекiту туралы)
1. Аудандық Мәслихаттың регламенті бекітілсін.
2. Аудандық Мәслихаттың 26 шілдедегі 2001 жылғы XІІІ сессиясының «Аудандық Мәслихаттың регламентін бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
Аудандық Мәслихатының
2004 жылғы 22 сәуірдегі
VІІ сессиясының «Аудандық
Мәслихаттың регламентін бекіту
туралы» №55 шешіміне
№1 қосымшасы
Нұра аудандық мәслихатының
Регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жеркілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 9 бабына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында бекітілетін регламентінде мынадай тәртіп айқындалады:
1) сессияларды, мәслихат органдарының отырыстарын дайындау және өткізу;
2) оларда мәселелерді енгізу және қарау;
3) мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептер тыңдау;
4) депутат сауалдарын, шешімдерің жобаларын қарау;
5) дауыс беру, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да процедуралық және ұйымдастыру мәселелері.
Регламент мәслихат жұмысын ұйымдастырудың кез-келген басқа да мәселелерін айқындай алады. Регламент пен заңдардың нормалары сәйкес келмеген жағдайда кейінгісі қолданылады.
Регламенттің сақталуын түсіндіру, пайымдау және бақылау құқығы аудандық мәслихаттың адам құқы, заңдылық, құқылықты қорғау, жариялылық, жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына беріледі.
2. Аудандық мәслихат – аудан халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес оны орындауға және жүзеге асырылуын бақылауға қажет шараларды белгілейтін сайланбалы орган. Оның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңымен және басқа да Қазақстан Республикасының заңдылық актілерімен реттеледі. Бұл қызмет ұжымдық, еркін бақылау мен шешімдер қабылдауға, оларды орындауға жеке жауапкершілікке, заңдылыққа, жариялылыққа, құрылатын органдар мен сайланатын лауазымды адамдардың оның алдында есеп беруіне негізделеді. Мәслихаттың шешімі бойынша сессияға қарауға мәселелерді дайындау жөніндегі дайындық жұмысының бір бөлігі тұрақты комиссияларға жүктелуі мүмкін.
3. Мәслихаттың депутаттары жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, облыс халқының еркін білдіреді. Оларға депутаттық құқықтар мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық және ұйымдастыру жағдайы қамтамасыз етіледі. Сессияларды, тұрақты комиссиялардың және мәслихаттың басқа органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы сақталады. Депутат мәслихаттың сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға, аудан аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тындау туралы ұсыныстар енгізуге, аудандық әкімияттың отырыстарының жұмысына қатысуға, мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға құқылы. Аудандық мәслихаттың әрбір депутатына өкілеттіктерін кедергісіз және тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасалуына, оның құқықтарын, қадыр-қасиеті мен ар-ожданын қорғауға кепілдік беріледі. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары депутаттарға олардың депутаттық өкілеттігін орындауға тиісті көмек жасауға міндетті.
2. Аудандық мәслихаттың сессияларын дайындау және өткізу
4. Мәслихат қызметінің негізгі формасы сессия болып табылады, онда заң бойынша оның құзыретіне жатқызылған мәселелер шешіледі. Мәслихаттың сессиясы аудандық мәслихатқа сайланған депутаттардың кемі үштен екісі қатысқанда заңды. Сессияның жұмысына мәслихаттың шешімі бойынша мәслихат белгілеген мерзімде үзіліс жасалуы мүмкін. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгілейді. Мәслихаттың әрбір отырысы алдында қатысып отырған депутаттарға тіркеу жүрігізіледі, оның нәтижесін сессияның төрағасы отырыстың алдында жария етеді. Мәслихаттың сессиясы, оның органдарының отырыстары жариялылықпен өткізіліп, ашық үрдіске ие болады, қажет болған жағдайда қатысушылардың басым дауысымен отырысты жабық өткізуге шешім қабылданады. Аудан әкімі, оның орнын басушы адам немесе аудан прокуроры мәслихаттың және оның органдарының ашық және жабық отырыстарына қатысуға құқылы. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдары сессия жұмысының барысы туралы және онда қабылданған шешімдер туралы олар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң халықты хабарландырады. Сессияны басқаруды және дайындықты қамтамасыз етуді сессияның төрағасы мен мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
5. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын аудандық мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, аудандық мәслихаттың депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
6. Мәслихаттың кезекті сессиясың оның төрағасы кемінде жылына төрт рет шақырады. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімінен кешіктірілмей шақырылады.
7. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, әкімге және халыққа сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды.
8. Сессияның күн тәртібі, мәслихат жұмысының перспективалық жоспары, сессияның төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты және басқа комиссиялар, депутаттар топтары мен депутатттар, аудан әкімі ұсынған мәселелерден қалыптастырылады. Сессияның күн тәртібі оны талқылау барысында толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін. Сессияның күн тәртібін бекіту туралы мәслихат шешім қабылдайды.
9. Сессияға ұсынылатын мәселелерді сапалы дайындау үшін мәслихат хатшысы сессияны дайындау жөніндегі шаралардың жоспарын уақытылы ұйымдастырады, оны сессия төрағасы аудан әкімімен келісе отырып бекітеді. Шаралар жоспарының жобасы алдын ала тұрақты комиссиялар төрағалары кеңесінің отырысында қаралады.
10. Мәслихат сессиясына жұмысы сессияда қаралатын мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары немесе лауазамды адамдары шақырылады. Сессияларға сондай-ақ аудан прокуроры немесе оның орынбасары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
11. Кезекті сессияның төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында депутаттар арасынан ашық дауыспен сайланады. Сессия төрағасы болмаған жағадайда оның өкілеттігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Мәслихат сессиясының төрағасы:
1) Cессияны шақыру туралы шешім қабылдайды, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, сессияны және онда қарауға ұсынылатын мәселелерді дайындауға басшылық жасайды;
2) Cессия отырысын жүргізеді, регламенттін сақталуын қамтамасыз етеді, хатшымен бірге мәслихаттың шешімдеріне, хаттамаларға, мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген басқа да құжаттарға қол қояды.
Сессия төрағасы отырыстарды ашады және жабады, баяндамашылар мен сөз сөйлеушілерді хабарлайды, шешімдер мен басқа да құжаттардың жобаларын дауысқа салады, отырыста қаралған мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныстарын оқиды. Өз атына түскен сұрақтарға, өтініштер мен ұсыныстарға жауап қайтарады, анықтама береді, мәжіліс залындағы тәртіпті қамтамасыз етеді, депутаттар дауыс беруге ұсынған мәселелерді дауысқа қояды. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда мәслихат сессиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша аудан аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың басшылары және басқа лауазымды адамдар мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпарат беру үшін мәслихат сессиясына келуге міндетті.
12. Аудандық мәслихаттың таңертеңгі отырыстары бір үзіліс жасалып, сағат 11-ден 13-ке дейін, күндізгі отырыстары сағат 14-тен 18-ге дейін өткізіледі. Мәслихат отырыстарды өзге уақытта өткізу туралы шешім қабылдай алады. Сессия төрағасы өз бастамасы бойынша немесе депутаттардың дәлелді ұсыныстары бойынша қосымша үзілістер жариялай алады.
13. Мәслихат отырыстарында баяндамалар үшін уақыт 25 минут шегінде, қосымша баяндамалар үшін – 10 минутқа дейін, жарыссөзде сөйлеушілер үшін – 7 минутқа дейін, кандидатураларды талқылауда үш минутқа дейін, отырысты жүргізу тәртібі, дауыс беру себептері үшін сөз сөйлеуге, анықтамалар мен сұрақтар үшін – 2 минутқа дейін уақыт беріледі. Аудандық мәслихаттың депутаты бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Егер сөз сөйлеуші берген уақыттан асып кетсе, онда төраға оның сөзін тоқтатады немесе ерекше жағдайда депутаттардың келісімімен оған қосымша 2-3 минут береді. Жарыссөз сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің ашық дауысымен қабылданатын шешім бойынша тоқтатылады. Аудан әкімі, аудандық мәслихаттың хатшысы кез-келген уақытта, бірақ регламент шегінде сөз ала алады.
14. Отырысты өткізу тәртібі және дауыс беру жөнінде сөз сөйлеп тұрған адамның сөзі аяқталған соң депутатқа кезектен тыс беріледі. Сессия төрағасы депутаттық сауал, сұраққа жауап және қаралып отырған мәселе бойынша түсінік беру үшін сөзді кезектен тыс бере алады.
15. Аудандық мәслихатта жұмыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Депутат өзінің қай тілде сөйлейтіндігі туралы мәслихат хатшысына алдын ала хабарлайды.
16. Аудандық мәслихаттың отырысында сөз сөйлеушілер өз сөзінде депутаттардың және басқа адамдардың ары мен намысына нұқсан келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздер қолдануға, қазіргі конституциялық құрылымды күшпен құлатуға шақыруға және басқа заңсыз әрекеттерге баруға, қайсібір адамның атына негізсіз айып салуға құқы жоқ. Сөз сөйлеуші осы шарттарды бұзған жағдайда төрағалық етуші оған ескертеді, ал кейін сөзден айырады.
17. Сессия секретариаты жетекші және мүшелері құрамында депутаттар мен мәслихат аппараты қызметкерлері арасынан дауыс беру арқылы сайланады. Секретариат сессияның хаттамасы мен стенограммасын жүргізуді ұйымдастырады, сөз сөйлеуге ниет білдірушілерді жазып отырады, депутаттық сауалдарды, анықтамаларды, хабарламаларды, өтініштерді, ұсыныстарды және депутаттардан түскен басқа да материалдарды тіркейді, сессияның атына жолданымдармен жұмысты ұйымдастырады, отырыстарды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да қызметтерді атқарады.
18. Аудандық мәслихат ашық дауыспен тақ санды санақ және редакция комиссиясын сайлайды. Сессия секретариатты, санақ және редакция комиссиясын сайлау туралы шешімдер қабылдайды.
19. Шешімдер, басқа да құжаттар мәслихаттың отырыстарында депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Жасырын дауыс беру мынадай жағдайда жүргізіледі:
1) аудан әкіміне сенімсіздік көрсеткенде;
2) аудандық атқару органының басшысына сенімсіздік көрсеткенде;
3) сессияға қатысушы депутаттардың көпшілік дауысымен қабылданған кез-келген мәселені қарағандағы шешім бойынша.
20. Ашық дауыс беру өткізгенде санақ комиссиясы дауыстарды санайды. Жасырын дауыс берілгенде комиссия дауыс берудің барлық процесін ұйымдастырып, оның нәтижесін қорытындылайды. Санақ комиссиясы өз құрамынан өз төрағасын және комиссия хатшысын сайлайды, оның шешімі ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Ашық дауыс берер алдында сессия төрағасы дауыс берілуге түскен ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың мазмұнын оқиды. Ашық дауыс берудің қорытындысы айқын басымдылық болғанда, егер бір де бір депутаттың қарсылығы болмаса, дауыс беру саналмай-ақ қабылданады. Жасырын дауыс берудің уақыты мен орнын, оны өткізудің тәртібін санақ комиссиясы регламент негізінде белгілейді де, санақ комиссиясының төрағасы хабарлайды. Бюллетендер тікелей дауыс беру алдында беріледі. Ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде сайланған депутаттардың жалпы саңынан астам дауыс алған кандидаттар, лауазымды адамдар сайланды, бекітілді, қызметінен босатылды деп есептеледі. Осыған ұқсас кез келген комиссия, олардың төрағалары мен мүшелері сайланады, бекітіледі, қызметтен босатылады.
21. Жасырын дауыс берудің нәтижесі бойынша санақ комиссиясы хаттама жасайды, оған бар мүшелері қол қояды да мәслихаттың шешімімен бекітіледі. Дауыс беруде немесе дауыс санауда қателер анықталса мәслихаттың шешімімен қайтадан дауыс беру өткізіледі.
3. Аудандық мәслихаттың актілерін қарау және қабылдау,
ауданның бюджетін, әлеуметтік-экономикалық дамуының
жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту.
22. Аудандық мәслихат шешімдер қабылдайды. Шешімдер сайланған депутаттардың жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады, егер заңда немесе регламентте басқаша белгіленбесе. Мәслихаттың отырысына қатысушы депутаттардың көпшілік дауысымен процедуралық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады. Оларға мыналар жатады: дауыс беру түрін таңдау, мәселені талқылауға берілетін уақытты белгілеу, жарыссөзді жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау, шешімдерің жобаларын негізге алу, мәслихаттың үндеулері мен өтініштерін қабылдау. Аудан әкімініе сенімсіздік білдіру туралы шешім депутаттардың жалпы санының 2/3 дауысымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы, аудандық атқарушы органның басшысын босату жөнінде – сайланған депутаттар санының көпшілік дауысымен қабылданады.
23. Аудандық мәслихаттың қарауына шешімдердің жобаларын, басқа да актілерді ұсыну құқына оның депутаттары, тұрақты комиссиялар, депутаттық топтар, аудан әкімі ие.
24. Шешімдердің жобалары, басқа да актілер сессия үстінде секретариатқа, ал сессиялар арасындағы кезеңде – сессия төрағасына немесе мәслихаттың хатшысына беріледі.
25. Сессияда мәселені қарағанда әдетте баяндама, ал қажет болған жағдайда жетекші тұрақты комиссияның, басқа да тұрақты комиссияның қосымша баяндаламалары тыңдалады.
26. Депутаттар және шақырылған адамдар баяндаманы, қосымша баяндаманы және шешімнің жобасы жөнінде тұрақты комиссия қорытындысын талқылайды, шешімнің жобасына түзету ретінде ұсыныстар мен ескертпелер айтады. Жобаны талқылау баптар бойынша өткізіледі. Жобаға түзетулер сессияның секретариатына ұсынылатын өзгерістер мен қосымшыларды айқын мазмұндай отырып, олардың шешім жобасы мәтінінің қай жерінде екені көрсетіле отырып, тек қана жазбаша түрде беріледі.
27. Әрбір мәселені талқылау аяқталған соң сессия ол бойынша шешім қабылдайды. Егер бір мәселе бойынша шешімдердің жобалары бірнешеу болса, олардың әрқайсысы талқыланғанша барлық депутаттарға берілуі тиіс. Редакциялық комиссия өз пікірін айтады және дәлелдейді: шешімдер жобасының қайсысын негізге алып, қайсысын қабылдамау керек. Дауыс беруге барлық енгізілген шешімдердің жобалары қойылады, жобалардың біріне қатысушы депутаттар көпшілігі негізге алынғаннан кейін депутттар оған түзетулер енгізу процедурасына көшеді.
28. Шешім жобасына түзетулер болғанда дауыс беру мынадай ретпен жүзеге асыралады:
1) Ұсынылған (өңделген) жоба негізге алынады, ол қабылданбаса одан әрі дауыс беру тоқтатылады;
2) Дауыс беруге міндетті түрде кезекпен негізге алынған жобаға кірмеген барлық түзетулер қойылады, дауыс беру арқылы сайланған депутаттардың көпшілігі дауыс бергендері шешімге енгізіледі;
3) Шешімге жалпы қабылданған түзетулер ескеріле отырып дауыс беріледі. Қабылданбаған жобалар, шешімдер және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайырадан дауыс беруге жол берілмейді.
29. Аудандық мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңда белгіленген тәртіпте Қарағанды облысы бойынша әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуіне жатады және оларды мәслихаттың хатшысы орындаушылар мен лауазымды адамдарға жеткізеді, аудандық баспасөзде жарияланады.
30. Аудандық жоспарлардың, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының жобалары, олардың орындалысы туралы есептер, мәслихаттың басқа да жоспарлы және жоспарлы емес мәселелері, ауданды басқару схемасы, әкімияттың жеке құрамы, сондай-ақ олар бойынша шешімдердің жобалары мәслихатқа кезекті сессиядан үш апта бұрын мәслихатың тұрақты комиссиясына қарауға енгізіледі.
1) Қаржы жылына аудандық бюджеттің жобасын аудан әкімі аудандық мәслихатқа қарауға облыстық бюджет бекітілгеннен кейін кемі екі апта мерзімде қарауға енгізеді. Аудандық мәслихат екі апта ішінде оны бекіту жөнінде шешім қабылдайды.
2) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына тиісті жылға аудандық бюджетті нақтылауға қатысты жоспардан тыс мәселелерді енгізгенде материалдарды ұсыну осы регламенттің 30-1 бабында көзделген мерзімде жүзеге асыралады;
3) Аудан әкімі есеп беріп отырған жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей аудандық мәслихатқа өткен қаржы жылының аудандық бюджетінің орындалысы туралы жылдық есепті ұсынады, ол аудандық мәслихаттың сессиясында есеп ұсынылған күннен екі апта ішінде бекітіледі.
31. Аудандық мәслихат әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының және аудандық бюджеттің орындалу барысын бақылайды, осы мәселелер бойынша аудан әкімиятының есебін тындайды.
4. Мәслихаттың комиссиялары мен депутаттың топтары,
лауазымды адамдары, бақылау функцияларын жүзеге асыру.
32. Бірінші сессияда аудандық мәслихат депутаттар арасынан мәслихаттың хатшысын сайлайды, ол тұрақты негізде жұмыс істейтін және мәслихатқа есеп беретін лаузымды адам болып табылады. Мәслихаттың хатшысы мәслихаттың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы жұмысты орындайды. Оның негізгі лауазымдық міндеті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңның 19-бабымен және регламентпен белгіленеді. Мәслихат хатшысының лауазымына кандидатураларды мәслихаттың депутаттары мәслихаттың сессиясына ұсынады. Ұсынылатын кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кандидат егер ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде депутаттардың жалпы санының жартысынан астам дауыс алса, мәслихаттың хатшысы лауазымына сайланды деп есептеледі. Мәслихаттың хатшысының сайлануы туралы шешім қабылданады. Егер мәслихат хатшысының лауазымына екіден астам кандидат ұсынылып, олардың бір де бірі сайлануға талап етілетін дауыс санын ала алмаса, ең артық дауыс алған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беріледі. Егер қайтадан дауыс бергенде кандидаттардың бір де бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан астам дауыс ала алмаса, жаңа кандидатуралар ұсыныла отырып, қайтадан сайлау өткізіледі. Мәслихат хатшысын қызметінен босату туралы ұсыныс мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен сессияға енгізілуі мүмкін. Мәселе күн тәртібіне қойылғанда ашық дауыс беріледі. Мәслихаттың хатшысы қызметінен мерзімінен бұрын босатылғанда жаңа хатшыны сайлау алғашқыға ұқсас өткізіледі. Жыл сайын ақырғы сессияда мәслихат хатшысының жұмысы туралы есеп тыңдалады.
33. Мәслихат өз өкілеттігінің мерзіміне бірінші сессияда депутаттар қатарынан мәслихаттың қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, оның шешімдерін, заңдарды жүзеге асыруға көмектесу, өз құзыры шегінде бақылау функцияларын орындау үшін тұрақты комиссиялар құрады. Тұрақты комиссияның төрағалары мен мүшелерін мәслихат депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы сайлайды. Әрбір тұрақты комиссияның құрамына жеке дауыс беріледі. Комиссияның атауы мен саны, олардың сандық және жеке құрамын мәслихат сессия төрағасының, мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша белгілейді. Осы мәселелер бойынша ұсыныстарды кез-келген депутат бере алады. Тұрақты комиссиялардың құрамы қалыптасқаннан кейін сессияның жұмысында тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізу үшін үзіліс жасалады, үзілісте олардың төрағалығына кандидатуралар ұсынылады. Төрағаның орынбасары және тұрақты комиссияның хатшысы оның ұйымдық отырысында төрағаның ұсынысы бойынша сайланады. Тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, қызметі мен өкілеттігі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 12-15 баптарымен белгіленген.
34. Аудандық бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылау үшін мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат белгіледі. Комиссияның төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін. Тексерістер мәслихаттың, тескеру комиссиясысының, не мәслихат хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінде талап етуі бойынша, сондай-ақ ҚР Заңдылығымен белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасайды, ол туралы комиссия мәслихат пен әкімиятқа хабарлайды. Тексеру жылына кемінде бір рет өткізіледі. Тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысына ұқсас.
35. Мәслихат депутаты, тұрақты комиссиялар сессия төрағасына, мәслихат хатшысына, аудандық әкімияттың, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына мәслихаттың құзырына жататын қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша сауалдар беріп, сессияда жария етуге құқылы.
36. Сауал жазбаша түрде бірінеше депутаттың атынан берілсе, онда олардың фамилиялары мен сайлау округтерінің номері көрсетіліп, барлық депутаттар қол қоюы тиіс. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының атынан жасалатын жазбаша сауалға оның төрағасы қол қояды. Тексеру комиссияның атынан сауал беру туралы шешім комиссияның отырысында қабылданып, хатталады.
37. Сессияның басталуына дейін енгізілген сауалдар сессияның төрағасына, мәслихаттың хатшысына беріледі де мәселе оның отырысында сессияның күн тәртібіне енгізуді шешу қойылғанда қаралады. Сауалдардың көшірмесін мәслихаттың хатшысы мерзімі және жауап беру тәртібін көрсете отырып, ол бағытталған органға немесе лауазымды адамға жолдайды. Сессияны өткізу барысында енгізілген сауалдар төрағалық етушіге отырыста беріледі. Сауалдар жаупаты оқу және кейін талқылау үшін мәслихат хатшысы мемлекеттік органның басшысы немесе оның орнындағы адамды сессияға шақырады.
38. Сессияда қаралуға тиіс мәселеге байланыссыз сауалдарды Мәслихат күн тәртібіне жеке мәселе ретінде енгізеді немесе сессияның жұмысының соңында арнайы бөлінген уақытта қаралады. Мәслихат сессиясының күн тәртібін сауалдар мен сұрақтарға мүмкіндік болатындай етіп уақыт резервін қалдыра отырып белгілейді. Сауалдарға жауап беруге 15 минут, ал сұрақтарға жауап беруге бес минутқа деін жауап беріледі.
39. Егер сауал тиісті емес мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға қойылса, аудандық мәслихаттың құзырынан тыс болса, немесе ҚР «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын сәйкес мемлекеттік немесе қызметтік құпия болып табылатын ақпарат беру талап етілсе, яқи болмаса тергеу немесе анықтау органдарында өндірісте жатқан қылмысты істер жөніндегі мәліметтер болса, қабылданбайды. Жоғарыда аталған негіздер бойынша сауалдарды қабылдамауды мәслихат, ал сессия арлығындағы кезенде сессияның төрағасы немесе мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
40. Мәслихат сауалды қарауды басқа сессияға ауыстыруы мүмкін. Сессияның күн тәртібін бекіткенге дейін оны енгізген депутаттар қайтарып ала алады. Күн тәртібі бекітілгеннен кейін сауалды қараудан алып тастау тек қана мәслихаттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Жазбаша түрде берілген сауалдар сессияның хаттамасына тіркеледі.
41. Депутаттық сауал жолданған мемлекеттік органның басшысы, немесе лауазымды адам, егер сауалда жауап берудің бұдан ұзақ мерзімі көрсетілмесе, осы сессияда оған аудандық мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша жауап беруге міндетті. Сауалға жауап талқылауға қойылады. Сауал бойынша шешім қабылданады.
42. Депутаттық сауал, оған жауап, сауал бойынша қабылданған шешім ол туралы қысқаша ақпарат аудандық баспасөзде жариялануып мүмкін.
5. Аудандық мәслихат қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
43. Аудандық мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды. Оның Қазақстан Республикасының елтаңбаны бейнелеген мөрі болады. Сессияларды өткізу, басшылықты, аппаратты және тұрақты комиссияларды орналастыру үшін жабдықталған бөлмелер бөлінеді.
44. Мәслихаттың және оның органдарының қызметін қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруда көмек көрсету үшін аудандық мәслихаттың аппараты құрылады. Мәслихат жыл сайын өз қызметін қамтамасыз етуге шығындардың сметасын бекітеді. Мәслихаттың хатшысы аппараттың жұмысына басшылық етеді, оның қызметшілерін тағайындап, қызметтен босатады.
45. Аудан орталығынан тыс тұратын депуттарға сессияда, депутаттық комиссиялардың отырыстарында уақытына қызметтік іс-сапарда болған ретінде тәуліктік ақы төленіп, жолақы, тұрғын бөлме жалдау жөніндегі шығындары қайтарылады.
46. Депутаттар сайланған сайлау округтерінде сайлаушыларды қабылдау және олардың депутаттармен кездесуі үшін бөлмелер бөлінеді.
47. Аудандық мәслихат өзінің өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар төрағаларының кеңесін мына құрамда құрады: тұрақты және тексеру комиссияларының төрағалары, мәслихаттың хатшысы, кезекті сессияның төрағасы. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағаларының кеңесі кеңесші орган болып табылады, оның құрамы сессияда бекітіледі. Қаралатын мәселелер бойынша ол ұсыныстар мен қорытындалар қабылдайды. Тұрақты комиссиялар төрағаларының кеңесі өз отырыстарын қажет болған жағдайда өткізеді. Тұрақты комиссиялар төрағалары кеңесінің отырыстарында мыналар талқыланады: алдағы сессиялардың күн тәртібі мәселелері, аудандық мәслихаттың құрылымы, штаттық кестесі және шығындары сметасының жобасы, сессияда қарауға шығарылатын шешімдердің жобалары, алдағы сессиялар төрағаларына, редакциялық комиссияларға кандидатуралар ұсыну, басқа мәселелер. Тұрақты комиссиялар төрағалары кеңесінің жұмысына аудандық мәслихаттың хатшысы басшылық жасайды.
6. Сайлау комиссияларын ұйымдастыру және құру
48. Аудандық Мәслихат құрады:
1) Аудандық сайлау комиссиясың
2) Аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларын
Сайлау комиссиялары өкілеттігінің мерзімі бес жыл. Аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың басқа да қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарының негізінде құрады. Аудандық мәслихат сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы. Аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары жеті адамнан тұрады. Сайлау комиссиясының мүшесі аумағында тиісті сайлау комиссиясы орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс. Сайлау комиссиясы бір ұйымның қызметкерлерінен құрылмауы тиіс.
7. Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидатуралар туралы ұсыныстарды енгізу тәртібі.
49. Сайлау комиссиясы өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей аудандық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлайды. Хабарламада құруға жататын сайлау комиссияларының тізбесі, сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшін ұсынылған кандидатуралар бойынша ұсыныстардың берілген мерзімі мен тәртібі, осы ұсыныстар берілетін мекенжай көрсетіледі. Ұсыныстарды енгізу мерзімі бір айдан кем болмауы тиіс. Әрбір саяси партия, қоғамдық бірлестік, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидат ұсынуға құқылы. Саяси партия, сондай-ақ олардың құрымдылық бөлімшелері осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы. Сайлау комиссияларының құрамына кандидат ұсыну туралы шешімді кандидат ұсынылатын сайлау комиссиясың көрсете отырып Жарғыға сәйкес тиісті өкілеттігі бар саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктін, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы қабылдайды. Аудандық мәслихат белгілеген мерзімде саяси партиялардан ұсыныс болмаған жағдайда кандидаттарды сайлау комиссияларының мүшелігіне ұсынылғандығын жариялаған күннен бастап аудандық мәслихат өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғарғы тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарын қарайды. Хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнінен бастап 30 күн ішінде саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері олар ұсынылған сайлау комиссияларын көрсете отырып нысан бойынша кандидаттардың тізімін жібереді, оларға мыналарды қоса береді:
1) Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктін, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан көшірмені;
2) Саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікгі, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;
3) Кандидаттың аудандық мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.
8. Сайлау комиссияларын құру және сайлау
50. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау сайлау комиссиялары өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын басталады және кемінде үш күн қалғанда аяқталады.
51. Мәслихаттың хатшысы депутаттардан және аудандық мәслихат аппаратынан бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлама жарияланға дейін кемінде үш күн қалғанда сайлау комиссияларының құрамын құру жөніндегі Уақытша жұмыс тобын (бұдан әрі - Уақытша комиссия) құрады.
52. Мәслихаттың Уақытша комиссиясы саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардаң құрылатын комиссияның құрамына кандидатуралар туралы келіп түсетін ұсыныстарды жинаумен және өндеумен айналасып, аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынады. Сайлау комиссияларының құрамын дайындау кезінде Уақытша комиссия бірінші кезекте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа алады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына (жеті) тең ұсыныстар түскен жағдайда Уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы комиссияның құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санынан артық (жетіден артық) ұсыныс түскен кезде Уақытша комиссия әрбір депутат үшін осы кандидатураны қандай саяси партия енгізгенін көрсете отырып саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кіретін бюллетеньді дайындайды. Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен қосылады. Мәслихат депутаттары бюллетеньде кандидатуралар тектерінің және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы жеті квадратта белгі қояды. Алғашқы жеті орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкілдері сайланған болып саналады. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде Уақытша комиссия бос орынға қоғамдық бірлестіктерден немесе жоғарғы сайлау комиссияның ұсыныстарын қарайды. Егер дауыс беру барысында сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидатуралар саны сайланатын комиссияның сандық құрамына сәйкес келетін болса, мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдіреді, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсім бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
53. Жасырын дауыс беру өткізілгеннен кейін барлық толтырылған бюллетеньдер сессия барысында аудандық мәслихат депутаттарының қатарынан құрылған Есептеу комиссиясына тапсырылады. Есептеу комиссиясының сандық құрамы мен төрағасын аудандық мәслихаттың сессиясы өзі анықтайды. Дауыс берудің нәтижелерін мәслихаттың сессиясында Есептеу комиссиясының төрағасы жариялайды. Бұл ретте Есептеу комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы жариялайды. Осы кандидатура саны жағынан мәслихат депутаттарының ең көп дауысын алғандығы бойынша анықталады. Депутаттар дауыстары тең болған жағдайда осы кандидатура бюллетеньде орналасқан орны бойынша анықталады. Сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаларының орынбасарлары мен хатшылары құрылған күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірілмей өтетін сайлау комиссиясының отырысында сайланады. Аудандық мәслихат сайлау комиссияларының құрамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
9. Сайлау комиссияларының құрамын өзгерту тәртібі.
54. Аудандық мәслихат мынадай жағдайларда тиісті сайлау комиссиясының мүшесін босату туралы шешім қабылдайды:
1) жеке ниеті бойынша міндеттерінен босату туралы өтініш берсе,
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса,
3) Аумағында тиісті сайлау комиссиясы құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетсе,
4) Оған қатысты соттың жазалау өкімі заңды күшіне енсе,
5) Соттың оны әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабылеті шектелген, із -түзсіз жоғалған деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялауы туралы шешімі күшіне енсе,
6) Ол қайтыс болса.
Комиссия мүшесі лауазымдық өкілеттіктерін бірнеше рет бұзған немесе міндеттерін тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда оны сайлау комиссиясын құрған аудандық мәслихат қызметінен босатады. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының мүшесін шығып кеткеннің орнына осы ұсынымдардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынын 19 бабының 6 және 7 тармақтарында көзделген негіздері бойынша, сайлау комиссиясынын құрған орган осы ұсынымдарда көзделген тәртіппен сайлау комиссиясының мүшелерін сайлағанға дейін тағайындайды. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған қызметін ауыстыруға осы сайлау комиссиясына олардың өкілдері кірмейтін саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.