«Қызылордаавтожолдары» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнын құру туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қызылордаавтожолдары» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы «Жергілікті өкілеттік атқару органдары туралы» Заңының 43 бабының 3 тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жіктеу ережесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, жергілікті маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын басқару мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылордаавтожолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.
Тармақ 2
2. «Қызылордаавтожолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қатысты мемлекеттік коммуналдық меншік құқықтарының субъектісі қызметтерін жүзеге асыратын өкілетті органы болып облыстық өнеркәсіп және көлік департаменті белгіленсін.
Тармақ 3
3. Облыстық өнеркәсіп және көлік департаменті /С. Мырзашев/: - кәсіпорынның басшысын тағайындасын; - Әділет органдарында белгіленген тәртіппен кәсіпорынды тіркеуден өткізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары К. Нұрекешовке жүктелсін.