Құжат мәтініне өту

"Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi туралы"

Қаулы · № 12-2173 · қабылданған 29.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/i-i-ii-ii-ii/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
"Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi туралы" Күшін жойған Қаулы ·№ 12-2173 ·29.12.2009
31.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

"Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi туралы"

Күшін жойған Қаулы ·№ 12-2173 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi туралы"
Атауы (қаз.)
"Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi туралы"
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12-2173
Қабылданған күні
29.12.2009
Көрсетілген редакция
31.12.2013 · қолданыстағы 50259_203795.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DJ000108
ЭКБ идентификаторы
50259
Редакция идентификаторы
50259_203795
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:27

0 "Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын

жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi туралы"
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағын, 7 бабының 5-4) тармақшасын, 18-1 бабын iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)-шi тармақшасына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушiлердi iрiктеу Тәртiбi қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Жұмыс берушiлермен әлеуметтiк жұмыс орындарын құру туралы келiсiм-шарттарды жасау «Iле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» Мемлекеттiк Мекемесiне уәкiлеттi етiлсiн.

3 3. Iле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi Мемлекеттiк Мекемесi (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы):

1 1) жұмыссыздар есебiнде тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберсiн;

2 2) жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк жұмыс орнындағы жұмыссыздардың еңбек ақы шығынының бөлiгiне ауданның қаржы жоспарында көрсетiлген шегiнде өтемақы төлесiн.

4 4. Аудандық қаржы бөлімі (Дуйшенбаева Ляззат Балиқанқызы) әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыссыз азаматтарға төленетiн қаржының уақтылы бөлiнуiн қамтамасыз ету тапсырылсын.

5

5. Iле ауданы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 22 сәуірдегі «2009 жылы Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» № 4-672-шi қаулысы 2009 жылы 21 мамырда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiмiне № 2-10-93 болып енгiзiлген, 2009 жылы 29 мамырда «Iле таңы» газетiнiң № 26 санында жарияланған, орындалуына байланысты күшiн жойсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Файль Виктор Александровичке жүктелсiн.

7 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн мерзiм өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.

10 Iле ауданы әкiмдiгiнiң

2009 жылғы «29» желтоқсандағы
№ 12-2173 «Iле ауданы бойынша
әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы” қаулысына
қосымша
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынған жұмыс берушiлердi iрiктеу
ТӘРТIБI

1 1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушiлердi iрiктеу төмендегi өлшемдер арқылы iске асырылады:

1 1) әлеуметтiк жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарға, еңбек нарығындағы жағдайға қарай нысаналы топтардың қосымша тiзбесiне жататын жұмыссыздарға арнайы арналған болуы тиiс;

2 2) әлеуметтiк жұмыс орындары уақытша жұмыс орны болып табылады, оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты және бос жұмыс орындары қолданылмайды;

3 3) жұмыс берушiлердiң жұмысты икемдi кесте арқылы және жартылай жұмыс күнiн белгiлеп ұйымдастыруына мүмкiндiгi бар;

4 4) әлеуметтiк жұмыс орындары- экономикалық және әлеуметтiк пайдалы болуы қажет.

2 2. Әлеуметтiк жұмыс орнын құрғысы келетiн жұмыс берушiлер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен шарт жасағанда келiсушi жақтардың мiндеттерi, жұмыс түрлерi, көлемi, еңбек ақының мөлшерi мен жағдайы, әлеуметтiк жұмыс орнының мерзiмi мен қаржыландыру көзi көрсетiледi.

3 3. Жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк жұмыс орындарындағы жұмыссыздардың еңбек ақы шығындары бөлiгiнiң өтемақысы аудан бюджетiнде қаралған қаржы шегiнде әр жұмыссызға республика бойынша бекiтiлетiн төменгi еңбекақы мөлшерiнде жүзеге асырылады.

Қолданыстағы