Құжат мәтініне өту

Лебяжi ауданының елдi мекендер аумағында ақпараттық жарнама өнiмдерiн орналастыру қағидасы туралы

Өзге акт · № 3/22 · қабылданған 01.07.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/i-i-ii/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Лебяжi ауданының елдi мекендер аумағында ақпараттық жарнама өнiмдерiн орналастыру қағидасы туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 3/22 ·01.07.2003
28.07.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Лебяжi ауданының елдi мекендер аумағында ақпараттық жарнама өнiмдерiн орналастыру қағидасы туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3/22 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Лебяжi ауданының елдi мекендер аумағында ақпараттық жарнама өнiмдерiн орналастыру қағидасы туралы
Атауы (қаз.)
Лебяжi ауданының елдi мекендер аумағында ақпараттық жарнама өнiмдерiн орналастыру қағидасы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/22
Қабылданған күні
01.07.2003
Көрсетілген редакция
28.07.2009 · қолданыстағы AI16718_1.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03PI001990
ЭКБ идентификаторы
16718
Редакция идентификаторы
AI16718_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:12

0 Лебяжi ауданының елдi мекендер аумағында ақпараттық жарнама өнiмдерiн орналастыру қағидасы туралы

Қазақстан Республикасының "Жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Нормативтi құқықтық актiлер туралы" Заңдарына сәйкес және сыртқы ақпарат, жарнама құралдарын тиiмдi орналастыру және пайдалану мақсатында аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:

1 1. Лебяжi ауданының елдi мекендер аумағында ақпараттық жарнама өнiмдерiн орналастыру қағидасы (әрi қарай - қағида) бекiтiлсiн (тiркеледi).

2 2. Аудандық өндiрiстiк-коммуналдық сала бөлiмi бекiтiлген қағиданы тұрғындарға жеткiзетiн болсын.

3 3. Шешiмнiң орындалуын қадағалау мәслихаттың әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

4 Лебяжi ауданының елдi мекендер аумағында ақпараттық жарнама өнiмдерiн орналастыру қағидасы

Аудандық мәслихаттың
2003 жылғы 2 шiлдедегi
№ 3/22 "Лебяжi ауданының елдi
мекендер аумағында ақпараттық
жарнама өнiмдерiн орналастыру
қағидасы туралы" (ХХII-сессия,
II-шақырылған) шешiмiмен бекiтiлген
Лебяжi ауданының елдi мекендер аумағында ақпараттық жарнама өнiмдерiн орналастыру қағидасы
Бұл қағида Лебяжi ауданының елдi мекендерi аумағында сыртқы жарнаманы өндiру, орналастыру, таратумен байланысты қарым-қатынастарды реттейдi.

i I. Қағидада қолданылатын негiзгi ұғымдар

1 1. "Сыртқы жарнама" жарықтық табло, стенд, плакат және басқа да техникалық құралдар түрiнде таратылатын белгiсiз тұлғалар шеңберiне арналған және оларда соларға деген қызығушылықты құрастыруды немесе қолдауды бейiмдейтiн жеке немесе заңды тұлға, тауарлар, идеялар мен бастамалар туралы ақпарат.

2 2. "Жарнама берушi" жарнаманы өндiру, орналастыру және кейiн тарату үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып келетiн жеке немесе заңды тұлғалар.

3 3. "Жарнама таратушы" мүлiктi, соның iшiнде техникалық құралдарды және басқа тәсiлдi пайдалану және беру жолымен жарнамалық ақпаратты орналастыру мен таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

4 4. "Уәкiлеттi орган" жергiлiктi атқарушы орган немесе оның уәкiлеттi тұлғасы.

5 5. Ақпараттық жарнама өнiмдерi ауылды көркемдiк-эстетикалық рәсiмдеудiң элементi болып табылады және ақпараттық жарнама түрiнде берiледi:

1 1) төбенiң үстiне қойылатын жарнамалық қондырғылар;

2 2) жарықтандыру тұғырларында, кронштейнде, тегiс қабырғалардағы газожарықтық және жарықтық жарнамалық қондырғылар;

3 3) көлемдi-кеңiстiктiк жарнамалық қондырғылар (төбенiң үстiнде, бөлек тұратындар);

4 4) щиттiк жарнамалық құрылымдар (сонымен қатар бөлек тұратындар);

5 5) витриналардағы жарнамалық стендтер, жазулар мен бейнелер;

6 6) жұмсақ төсемделердегi, жалаушалардағы жарнама;

7 7) жарнама ақпарат стендтерiнде және басқа да осы мақсатқа бейiмделген орындарда, қоғамдық көлiк аялдамаларындағы ақпараттық жарнама көрсеткiштерi, жазбалар, хабарландырулар, жазулар;

8 8) маталардағы жарнамалық жазулар;

9 9) тағы да басқа ақпараттық жарнама өнiмдер түрi.

ii II. Жарнамаға қойылатын негiзгi талаптар

6 6. Жарнама нысаны мен қолданылған тарату құралына қарамастан, оны көрген кезде ақ арнаулы бiлiмсiз немесе техникалық құралдарды пайдаланбай танымды болуы керек.

7

7. Мекемелер мен кәсiпорындардың ақпараттық көрсеткiштерi мен маңдайша жазуларының, сонымен қатар жарнамалық өнiмнiң мәтiнi мiндеттi түрде қазақ және орыс тiлдерiнде орындалуы тиiс, егер де, аталған кәсiпорындардың белгiленген тәртiпте тiркеуден өткен логотиптерi, сауда белгiлерi, сауда таңбалары және шетел тiлiнде жазылған атаулары болса, олар тиiстi құжаттарды көрсеткен жағдайда қосымша түпнұсқалық түрде пайдаланыла алады.
Барлық визуалдық ақпараттың мәтiнi келесi тәртiпте орналастырылады:
сол жағынан немесе жоғарыдан мемлекеттiк тiлде;
оң жағынан немесе төменнен орыс тiлiнде;
мөлшерi бойынша бiрдей әрiптермен жазылады.
Қажет болған жағдайда визуалдық ақпарат мәтiнi қосымша басқа да тiлдерде де көрсетiледi.

8 8. Қазақстан Республикасының заңнамасымен айналымға тыйым салынған тауарларды жарнамалау рұқсат етiлмейдi.

9 9. Жарнама азаматтарды зорлыққа, басқыншылыққа, жеке тұлғалардың денсаулығына зиян келтiретiн және олардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн iс-әрекеттердi болдырмауы тиiс.

10 10. Жарнама табиғатты қорғау заңнамасын бұзатын iс-әрекеттердi болдырмауы тиiс.

11 11. Жарнамада дiнге, философияға, саясатқа, тiлге, жынысқа немесе жас топтарына, профессионалдық немесе әлеуметтiк санатқа, ұлтқа қатысты кiр келтiретін сөздер, салыстырулар, жалпы қабылданған адамгершiлiк нормаларын бұзатын мәтiндiк, көрермендiк ақпарат болмауы тиiс.

12 12. Жарнама ұлттық мәдени игiлiктi құрастыратын өнер объектiлерiне, мемлекеттiк символдарға (жалау, елтаңба, әнұран), кез-келген мемлекеттiң валютасына, дiни рәмiздерге, қандай да болмасын жеке немесе заңды тұлғаға, қызметке, мамандық пен тауарға кiр келтiрмеуi тиiс.

13 13. Табак өнiмдерiнiң жарнамасы әрдайым темекi шегудiң қауiпi туралы ескертумен қоса берiлуi тиiс.

14 14. Ақпараттық жарнама өнiмдерi мiндеттi түрде тәулiктiң кешкi және түнгi кездерiнде сыртқы немесе iшкi жарықпен жарықтық техникалық құралдарының талаптары мен нормаларын сақтаумен жарықтандырылуы тиiс.

iii III. Ақпараттық жарнама өнiмдерiн орналастыру тәртiбi

15 15. Аудан аумағында ақпараттық жарнама өнiмдерi уәкiлеттi органның рұқсатымен орналастырылады.

16

16. Рұқсат беруге жарнама берушiнiң объектiнi орналастыру орнының схемасын, объектiнi көркемдiк рәсiмдеу және визуалдық жарнаманың нұсқасын қоса берген өтiнiшi негiз болады. Уәкiлеттi орган аталған құжаттарды алған күннен кейiн 15 күн iшiнде қарастырып, жарнамалық өнiмдi орналастыруға келiсу немесе бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

17 17. Жарнама берушiге құжаттарды қайтарып берген жағдайда өтiнiштi қарастыру мерзiмi қайта басталады.

18 18. Ақпараттық жарнама өнiмдерiн орналастыруға рұқсат 30 күн iшiнде күшiн сақтайды. Объектiнi орналастырмаған жағдайда рұқсат күшiн жояды да белгiленген тәртiпте басқа тапсырыс берушiге рәсiмделедi. Техникалық себептерге байланысты рұқсаттың мерзiмi уәкiлеттi органмен ұзартыла алады.

19 19. Ақпараттық жарнама өнiмдерiн орналастыру үшiн ақы мөлшерi жергілiктi атқарушы органның шешiмiмен белгiленедi.

20 20. Ақпараттық жарнама өнiмдерiн мәдениет ескерткiштерi, ритуалдық объектiлер, ғимараттар, күзетiлетiн табиғи комплекстер орналасқан аумақтарда орналастыруға рұқсатты биоресурстар және экология, мәдениет т.с.с. бөлiмдердiң келiсiмiмен уәкiлеттi орган бередi.

iv IV. Жауапкершiлiк

21 21. Елдi мекендер аумағында ақпарат пен сыртқы жарнама құралдарын орналастыру және қолдану қағидасының орындалуын бақылауды аудан әкiмiнiң өкiмiмен тағайындалатын архитектуралы-техникалық комиссия жүзеге асырады.

22 22. Қолдану кезiнде ақпараттық жарнама объектiнiң инженерлiк-техникалық және көркемдiк декоративтiк мөлшерлерi үшiн жарнама иесi жауап бередi.

23 23. Ақпараттық жарнама өнiмдерiнiң мазмұнының сенiмдiлiгi үшiн жарнама берушi жауап бередi.

24 24. Ақпарат және сыртқы жарнама құралдарының орындалу сапасы үшiн жарнама иесi жауап бередi.

25 25. Уәкiлеттi қызметтердiң нұсқамаларының көрсетiлген мерзiмде орындамаған жағдайда жарнаманы әрi қарай қолдану мәселесi архитектуралы-техникалық комиссияның қарауына ұсынылады.

26 26. Қажет болған жағдайда архитектуралы-техникалық комиссия тиiстi органдарға кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы нұсқама дайындайды.

27 27. Жарнамалық қызметтiң мiндеттi қағидасын бұзғаны үшiн субъектiлерге Қазақстан Республикасының қолданыста бар заңнамасының негiзiнде әкiмшiлiк шаралар немесе басқа да жауапкершiлiк шаралары қолданылады.

Қолданыстағы