Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил регистрации в административном органе физических и юридических лиц, осуществляющих искусственное разведение животных, виды которых включены в приложения I и II Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящихся под угрозой исчезновения

Бұйрық · № 17-03/369 · қабылданған 19.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/i-ii-ekb-67414/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил регистрации в административном органе физических и юридических лиц, осуществляющих искусственное разведение животных, виды которых включены в приложения I и II Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящихся под угрозой исчезновения Күшін жойған Бұйрық ·№ 17-03/369 ·19.07.2012
05.09.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил регистрации в административном органе физических и юридических лиц, осуществляющих искусственное разведение животных, виды которых включены в приложения I и II Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящихся под угрозой исчезновения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 17-03/369 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил регистрации в административном органе физических и юридических лиц, осуществляющих искусственное разведение животных, виды которых включены в приложения I и II Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящихся под угрозой исчезновения
Атауы (қаз.)
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ – қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17-03/369
Қабылданған күні
19.07.2012
Көрсетілген редакция
05.09.2013 AI67414_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007847
ЭКБ идентификаторы
67414
Редакция идентификаторы
AI67414_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:47

0 Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ – қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабының 51-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ – қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 19 шілдедегі
№ 17-03/369 бұйрығымен
бекітілген
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) әкімшілік орган - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

2 2) жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіру - жануарлар түрлерін қолда және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;

3 3) өтінім жасаушы - Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіру туралы әкімшілік органға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға.

2 2. Тіркеу тәртібі

3 3. Өтінім беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді тіркеуге әкімшілік органға өтінім береді.

4 4. Өтінімге:

1 1) құрылтай құжаттары мен мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (жеке кәсіпкер үшін), жеке адамды куәландыратын құжаттардың (жеке тұлға үшін);

2

2) жануар түрінің шығу тегін растайтын құжаттардың (жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат тіркелген сауда-саттық шарты (бұрынғы иесінің), жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың; Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат) көшірмелері қоса тіркеледі.

5

5. Әкімшілік орган өтінімді және оған қоса тіркелген құжаттарды қарап, Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде ресімдейді, не осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттар толық берілмеген жағдайларда жазбаша дәлелді бас тарту жолдайды.

6

6. Куәлік осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органның фирмалық бланкісінде ресімделеді және өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналына (бұдан әрі – журнал) қол қойғызып беріледі.

7 7. Куәлік нөмірі журналдағы тіркеудің нөмірленуіне сәйкес қойылады.

8 8. Журнал нөмірленеді, тігіледі және оған әкімшілік органның мөрі басылады.

1 Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеуге өтінім

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі
төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды
әкімшілік органда тіркеу қағидасына
1-қосымша
Нысан
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеуге өтінім
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлік берулеріңізді сұраймын.
Жануарлар түрлерінің
атауы: ____________________________________________________________
(мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде)
Жануарлар түрлерінің
шығу тегі: _________________________________________________________
(еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда өсірілді)
Мекенжайы: _______________________________________________________
(жеке тұлғаның/жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның)
20___жылғы _________ ______________________________________
(өтінім берілген күн) (қолы, Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны

2 Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы № ___ куәлік

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі
төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды
әкімшілік органда тіркеу қағидасына
2-қосымша
Нысан
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы № ___ куәлік
_____________________________________________________________берілген
(жануар иесінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) ұйымның атауы)
Орналасқан жерінің мекенжайы: ______________________________________
мына жануарлар түрлерін жасанды өсіртуді жүзеге асырады:
р/с

Жа­ну­ар түр­ле­рі
Кон­вен­ци­я­ның қо­сым­ша­сы
Мем­ле­кет­тік тіл­де
Орыс ті­лін­де
Ла­тын­ша ата­уы
Жа­ну­ар­лар са­ны
Берілген күні 20__ ж. «__» _______
Куәлік берілген сәттен бастап үш жыл ішінде жарамды.
______________________                     _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))        (қолы)
Мөр орны

3 Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналы

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі
төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды
әкімшілік органда тіркеу қағидасына
3-қосымша
Нысан
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналы
р/с

Ку­ә­лік­тің нө­мі­рі және кү­ні
Же­ке тұл­ға­ның/же­ке кә­сіп­кер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған кез­де)/заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Жа­байы фа­у­на мен фло­ра­ның құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген түр­ле­рі­нің ха­лы­қа­ра­лық са­уда­сы ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның І және ІІ қо­сым­ша­ла­ры­на түр­ле­рі ен­гі­зі­л­ген жа­ну­ар­лар ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
Қо­лы
Бе­ру­ші
Алушы

Қолданыстағы