Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил регистрации в административном органе физических и юридических лиц, осуществляющих искусственное разведение животных, виды которых включены в приложения I и II Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения

Бұйрық · № 270-Ө · қабылданған 05.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/i-ii-ekb-74837/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил регистрации в административном органе физических и юридических лиц, осуществляющих искусственное разведение животных, виды которых включены в приложения I и II Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения Күшін жойған Бұйрық ·№ 270-Ө ·05.09.2013
31.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил регистрации в административном органе физических и юридических лиц, осуществляющих искусственное разведение животных, виды которых включены в приложения I и II Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 270-Ө · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил регистрации в административном органе физических и юридических лиц, осуществляющих искусственное разведение животных, виды которых включены в приложения I и II Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения
Атауы (қаз.)
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ - қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
270-Ө
Қабылданған күні
05.09.2013
Көрсетілген редакция
31.07.2014 AI74837_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008791
ЭКБ идентификаторы
74837
Редакция идентификаторы
AI74837_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:20

0 Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ - қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабының 51-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ – қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ – қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 19 шілдедегі № 17-03/369 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7847 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 26.09.12 ж. № 622-630 (27701) ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 05 қыркүйектегі
№ 270-ө бұйрығымен
бекітілген
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) әкімшілік орган - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

2 2) жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіру - жануарлар түрлерін қолда және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;

3 3) өтінім жасаушы - Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіру туралы әкімшілік органға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға.

2 2. Тіркеу тәртібі

3 3. Өтінім беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді тіркеуге әкімшілік органға өтінім береді.

4 4. Өтінімге:

1 1) құрылтай құжаттары мен мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (жеке кәсіпкер үшін), жеке адамды куәландыратын құжаттардың (жеке тұлға үшін);

2

2) жануар түрінің шығу тегін растайтын құжаттардың (жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат тіркелген сауда-саттық шарты (бұрынғы иесінің), жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаты; Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсаты) көшірмелері қоса тіркеледі.

5

5. Әкімшілік орган өтінімді және оған қоса тіркелген құжаттарды қарап, Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде рәсімдейді, не осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттар толық берілмеген жағдайларда жазбаша дәлелді бас тарту жолдайды.

6

6. Куәлік осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органның фирмалық бланкісінде рәсімделеді және өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналына (бұдан әрі – журнал) қол қойғызып беріледі.

7 7. Куәлік нөмірі журналдағы тіркеудің нөмірленуіне сәйкес қойылады.

8 8. Журнал нөмірленеді, тігіледі және оған әкімшілік органның мөрі басылады.

1 Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеуге өтінім

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі
төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды
әкімшілік органда тіркеу қағидасына
1-қосымша
Нысан
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеуге өтінім
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлік берулеріңізді сұраймын.
Жануарлар түрлерінің
атауы: ______________________________________________________________
               (мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде)
Жануарлар түрлерінің
шығу тегі: __________________________________________________________
            (еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда өсірілді)
Жануарлардың саны, жасы және жынысы (жынысы – балықтардың жыныс
мүшелері жетілген жағдайда): ________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________
              (жеке тұлғаның/жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның)
20___жылғы _________     ____________________________________________
(өтінім берілген күн)   (қолы, Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
                                        жағдайда)
      Мөр орны

2 Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы № ___ куәлік

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі
төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды
әкімшілік органда тіркеу қағидасына
2-қосымша
Нысан
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы № ___ куәлік
__________________________________________________________ берілген
(жануар иесінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) ұйымның атауы)
Орналасқан жерінің мекенжайы: _______________________________________
мына жануарлар түрлерін жасанды өсіртуді жүзеге асырады:
р/с№
Жа­ну­ар түр­ле­рі
Кон­вен­ци­я­ның қо­сым­ша­сы
Мем­ле­кет­тік тіл­де
Орыс ті­лін­де
Ла­тын ті­лін­де
Жа­ну­ар­лар­дың са­ны, жа­сы және жы­ны­сы (жы­ны­сы - ба­лық­тар­дың жы­ныс мү­ше­ле­рі же­ті­л­ген жағ­дай­да)
Берілген күні 20__ ж. «__» _______
Куәлік берілген сәттен бастап үш жыл ішінде жарамды.
____________________________________________   ______
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))   (қолы)
      Мөр орны

3 Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналы

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі
төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды
әкімшілік органда тіркеу қағидасына
3-қосымша
Нысан
Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналы
р/с №
Ку­ә­лік­тің нө­мі­рі және кү­ні
Же­ке тұл­ға­ның/же­ке кә­сіп­кер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған кез­де)/заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Жа­байы фа­у­на мен фло­ра­ның құ­рып ке­ту қа­у­пі төн­ген түр­ле­рі­нің ха­лы­қа­ра­лық са­уда­сы ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның І және ІІ қо­сым­ша­ла­ры­на түр­ле­рі ен­гі­зі­л­ген жа­ну­ар­лар ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
Қо­лы
Бе­ру­ші
Алушы

Қолданыстағы