Облыс күрiш алқаптарынан балық шабақтарын
құтқару жөнiндегi шаралар туралы
Облыста балық қорларын көбейту, күрiш алқаптарындағы балық шабақтарын құтқару мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 10 бабы негiзiнде Қызылорда облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Облыс күрiш алқаптарынан балық шабақтарын құтқару жөнiндегi шаралар туралы от 08.08.2001 г. № 59 (Облыс күрiш алқаптарынан балық шабақтарын құтқару жөнiндегi шаралар туралы)
1. Облыста күрiш алқаптарынан балық шабақтарын құтқару жөнiндегi шаралары қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қала және аудан әкiмдерi осындай шараларды әзiрлесiн және бекiтсiн, балық шабақтарын құтқару жөнiндегi арнайы жұмысшы топтарын құрсын.
3. Облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармасы (И. Абибуллаев) тиiстi ұйымдармен бiрлесiп, балық шабақтарын жiберу үшiн су айдындарын белгiлесiн.
4. Облыстық ауылшаруашылығы департаментi (Қ. Ахметов), "Қызылорда су шаруашылығы" ОКМК (І. Құтжанов), "Қамыстыбас балық питомнигi" РМҚК (А. Айымбетов) балық шаруашылық маңызы бар су айдындарын егеленушi барлық шаруашылық субъектiлерi қабылдаған бизнес-жоспарларына сәйкес балық шабақтарын құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
5. Қала және аудан әкiмдерi, облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармасы 2001 жылдың 10 қарашасына осы қаулының орындалуы жөнiнде ақпар берсiн.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б. Нұртазаевқа жүктелсiн.