Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығын бекiту туралы
ҚАЗКәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығын бекiту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығын бекiту туралы
- Атауы (қаз.)
- Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығын бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 184
- Қабылданған күні
- 04.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2013 · қолданыстағы AI51640_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VE000106
- ЭКБ идентификаторы
- 51640
- Редакция идентификаторы
- AI51640_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:51
0 Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен
қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ
жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру
шығындарын өтеу нұсқаулығын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемелекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 19-бабының, 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 ««Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысына сәйкес Абай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қосымшаға сәйкес, кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Жүнісжановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ
Абай ауданы әкімдігінің
04 наурыз 2010 жылғы
№ 184 қаулысының
қосымшасы бекітілген
Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемелекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 19-бабының, 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 ««Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысына сәйкес әзiрлендi.
1 1. Жалпы нұсқаулықтар
1 1. Осы нұсқаулықта қолданылатын негiзгi ұғымдар:
1 1) өтiнiш берушi – кәсiптiк оқуға жiберiлген және шығындарын өтеуге өтiнiш бiлдiрген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтар;
2 2) шығындарды өтеу - өтiнiш берушiнiң жол жүруiне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына шыққан шығынды iшiнара немесе толық өтеу.
2 2. Өтiнiш берушi медициналық куәландыруды «Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жiберуi бойынша өтедi.
3 3. Тұрғылықты жерiнен басқа жерде оқитын, өтiнiш берушiнiң жол жүру, тұру, медициналық куәландыру шығындарының өтеуiн, құжаттар тапсырылған сәттен бастап оқу бiткеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей «Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жүргiзедi.
4
4. Аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ «Абай аудандық жұмыспен және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде ресми тiркелген жұмыссыз азаматтар және кәсiби даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауға жiберiлгендер шығындарды өтеу құқығына ие.