Құжат мәтініне өту

Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығын бекiту туралы

Қаулы · № 184 · қабылданған 04.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/i-ii-i-i-ii-i-i/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығын бекiту туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 184 ·04.03.2010
06.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығын бекiту туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 184 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығын бекiту туралы
Атауы (қаз.)
Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу нұсқаулығын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
184
Қабылданған күні
04.03.2010
Көрсетілген редакция
06.03.2013 · қолданыстағы AI51640_1.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VE000106
ЭКБ идентификаторы
51640
Редакция идентификаторы
AI51640_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:51

0 Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен

қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ
жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру
шығындарын өтеу нұсқаулығын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемелекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 19-бабының, 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 ««Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысына сәйкес Абай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қосымшаға сәйкес, кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Жүнісжановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

4 Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ

Абай ауданы әкімдігінің
04 наурыз 2010 жылғы
№ 184 қаулысының
қосымшасы бекітілген
Кәсiби оқуға жiберiлген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемелекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 19-бабының, 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 ««Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысына сәйкес әзiрлендi.

1 1. Жалпы нұсқаулықтар

1 1. Осы нұсқаулықта қолданылатын негiзгi ұғымдар:

1 1) өтiнiш берушi – кәсiптiк оқуға жiберiлген және шығындарын өтеуге өтiнiш бiлдiрген аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтар;

2 2) шығындарды өтеу - өтiнiш берушiнiң жол жүруiне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына шыққан шығынды iшiнара немесе толық өтеу.

2 2. Өтiнiш берушi медициналық куәландыруды «Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жiберуi бойынша өтедi.

3 3. Тұрғылықты жерiнен басқа жерде оқитын, өтiнiш берушiнiң жол жүру, тұру, медициналық куәландыру шығындарының өтеуiн, құжаттар тапсырылған сәттен бастап оқу бiткеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей «Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жүргiзедi.

4

4. Аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жетi жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын, сондай-ақ «Абай аудандық жұмыспен және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде ресми тiркелген жұмыссыз азаматтар және кәсiби даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауға жiберiлгендер шығындарды өтеу құқығына ие.

2 2. Шығындардың өтеуiн алуға жүгiну

5 5. Өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша банктегi жеке шотының нөмiрiн, СТН, жеке куәлiк нөмiрiн, тұрғылықты мекенжайын көрсете отырып, «Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жазбаша өтiнiш берiп және қажеттi құжаттарды тапсырады:

1 1) темiр жол көлiгiмен, жолаушылар автокөлiгiмен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе аталған тасымал түрлерiмен айналысатын мекеменiң жол жүрудiң құны туралы анықтамасы.

2 2) медициналық куәландырудан өту, жатақханада тұру туралы төлем құжаттары.

3 3. Шығындарды өтеудiң мөлшерi

6 6. Шығындардың толық өтелуi:

1 1) медициналық куәландыру – құжаттармен расталған зерттеудiң құны үшiн;

2 2) өңiр (облыс, аудан) шегiнде оқу орнына барып, қайта қайту жолына - құжаттармен расталған жол жүру құны үшiн жүргiзiледi;

7 7. Тұру шығындарының iшiнара өтелуi келесi мөлшерде жүргiзiледi:

1 1) өзге жерден келген өтiнiш берушiлер Семей қалаларындағы жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бiрақ айына үш айлық есептiк көрсеткiштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айына үш айлық есептiк көрсеткiште.

2 2) өзге жерден келген өтiнiш берушiлер басқа елдi мекендердегi жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бiрақ айына үш айлық есептiк көрсеткiштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – үш айлық есептiк көрсеткiште.

8 8. Семей қалаларында оқитындар үшiн тамақтану шығындарының iшiнара өтелуi айына үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, облыстың басқа елдi мекендерде тұратындарға айына үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жүргiзiледi.

4 4. Шығындарды өтеу төлемдерi

9 9. Шығындарды өтеу төлемдерi халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

10 10. Кәсiптiк оқуға жiберiлген адамдардың тамақтану мен тұру шығындарын өтеу төлемдерi тапсырылған құжаттар негiзiнде өткен айға жүргiзiледi. Шығындарды өтеудi жедел төлеуге рұқсат етiледi.

11 11. Шығындарды толық немесе iшiнара өтеу, қаражаттың түсуiне байланысты ақшалай нысанды өтiнiш берушiнiң жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы