Кербұлақ ауданы әкiмияты резервiнiң қаржысын пайдалану Ережелерiн бекiту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Кербұлақ ауданы әкiмияты резервiнiң қаржысын пайдалану Ережелерiн бекiту туралы
- Атауы (қаз.)
- Кербұлақ ауданы әкiмияты резервiнiң қаржысын пайдалану Ережелерiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 29.05.2003
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2017 · қолданыстағы 16001_251633.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03DM001184
- ЭКБ идентификаторы
- 16001
- Редакция идентификаторы
- 16001_251633
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:18
0 Кербұлақ ауданы әкiмияты резервiнiң қаржысын пайдалану Ережелерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" Заңын және Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi "Алматы облысы әкiмдiгi резервiнiң қаржысын пайдалану Ережелерiн бекiту туралы" N 19 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берiлiп отырған Кербұлақ ауданы әкiмияты резервiнiң қаржысын пайдалану туралы Ереже бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Н. Әбдiқадыровқа жүктелсiн.
Аудан әкiмi
3 Кербұлақ ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 30 мамыр
№ 9 қаулысымен
бекiтiлген
Кербұлақ ауданы әкiмияты резервiнiң қаржысын пайдалану
ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже Кербұлақ ауданы әкiмияты резервiнiң қаржысын бөлу және пайдалану ретiн белгiлейдi.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ережеде төмендегiдей түсiнiктер пайдаланылады:
аудан әкiмиятының(бұдан әрi - әкiмият) резервi дегенiмiз тиiстi қаржы жылына аудандық бюджетте ескерiлген және әкiмият қаулысы бойынша бiржолғы сипаттағы жоспарланбаған шығыстарды қаржыландыру үшiн бөлiнген қаражат;
жоспарланбаған шығыстар ағымды қаржы жылына аудандық бюджеттi қалыптастыру кезiнде жоспарлауға мүмкiн болмаған және үстiмiздегi қаржы жылында сөзсiз қаржыландыруды қажет ететiн шығыстар;
әкiмияттың және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеуге арналған әкiмият резервiнiң құрамындағы қаржы - аудан әкiмияты резервiнiң құрамында ескерiлген және соттардың шешiмiмен әкiмияттың немесе жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеу үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бөлiнген қаржы;
әкiмият резервiнiң қаражатын алушы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi.
2 2. Әкiмият резервiнiң қаржысы есебiнен қаржыландырылатын, бiржолғы сипаттағы жоспарланбаған шығыстарға келесi шаралар жатады:
1 1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, соның iшiнде:
- төтенше жағдайлардың туындауынан зардап шегушiлерге материалдық көмек көрсету;
- зардап шеккендер үшiн уақытша қоныстану және тамақтану пункттерiн ашу және ұстау;
- апаттық-құтқару және апаттық-қалпына келтiру бөлiмшелерiн құтқару техникалық құралдарымен, жабдықтарымен және құрал-жабдықтарымен қосымша жарақтандыру;
- төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдарды тасымалдауды қамтамасыз ету;
2 2) соттардың шешiмдерi бойынша әкiмияттың, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн өтеу.
Әкiмият резервiнiң қаржысы басқа шығыстарды қаржыландыруға жолданбайды.
2 2. Аудан әкiмияты резервiнен қаржы бөлу және оны пайдалану тәртiбi
3
3. Әкiмият резервiнiң қаржысын бөлу осы мақсаттарға тиiстi қаржы жылында аудандық бюджеттiң шығыстары мен кредит бөлу құрамында бекiтiлген мөлшерi шегiнде, әкiмияттың алушы, бөлiнген қаржы көлемi және оларды пайдалану мақсаттары, сондай-ақ қайтару негiзiнде қаржы бөлiнсе оларды беру және қайтару мерзiмдерi көрсетiлген қаулысының негiзiнде заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн қаржыландыруды ашу жолымен аудандық қаржы бөлiмi жүзеге асырады.