Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на I-II-III кварталы 2023 года по области Жетісу
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на I-II-III кварталы 2023 года по области Жетісу
- Атауы (қаз.)
- Жетісу облысы бойынша 2023 жылдың І-II-III тоқсандарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 148
- Қабылданған күні
- 23.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2023 181785_751353.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23I000148A
- ЭКБ идентификаторы
- 181785
- Редакция идентификаторы
- 181785_751353
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:50
0 Жетісу облысы бойынша 2023 жылдың І-II-III тоқсандарына
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысы бойынша 2023 жылдың І-II-III тоқсандарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.
2. «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жетісу облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Жетісу облысы әкімдігінің
2023 жылғы «___» _________
№ ____ қаулысына қосымша
Жетісу облысы бойынша 2023 жылдың І- II-III тоқсандарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
№
Тауардың атауы
Өлшем бірлігі
I
тоқсан
II
тоқсан
III
тоқсан
1
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
теңге/
килограмм
403
401
420
2
Бірінші сортты бидай ұны
теңге/
килограмм
228
239
247
3
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
теңге/
килограмм
645
695
723
4
Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
теңге/
килограмм
188
195
197
5
Түтік кеспе (өлшеніп салынатын)
теңге/
килограмм
407
422
432
6
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
теңге/
килограмм
2338
2371
2426
7
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
теңге/
килограмм
1103
1156
1222
8
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада
теңге/
литр
297
313
321
9
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
теңге/литр
306
321
329
10
Сүзбе: майлылығы 5-9%
теңге/
килограмм
1397
1441
1478
11
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
теңге/дана
451
444
443
12
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
теңге/
килограмм
3752
3941
4005
13
Күнбағыс майы
теңге/
литр
935
983
1029
14
Ақ қауданды қырыққабат
теңге/
килограмм
153
105
93
15
Басты пияз
теңге/
килограмм
110
130
117
16
Асханалық сәбіз
теңге/
килограмм
151
217
173
17
Картоп
теңге/
килограмм
182
248
194
18
Ақ қант – құмшекер
теңге/
килограмм
543
638
646
19
Ac тұзы («Экстра» -дан басқа)
теңге/
килограмм
73
73
73