Исатай ауданында Нарын, Жанбай селолық округтерiн құру және Исатай, Забурын, Аққыстау, Тұщықұдық селолық округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық шекараларын өзгерту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Исатай ауданында Нарын, Жанбай селолық округтерiн құру және Исатай, Забурын, Аққыстау, Тұщықұдық селолық округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық шекараларын өзгерту туралы
- Атауы (қаз.)
- Исатай ауданында Нарын, Жанбай селолық округтерiн құру және Исатай, Забурын, Аққыстау, Тұщықұдық селолық округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық шекараларын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 203-II
- Қабылданған күні
- 18.04.2002
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2014 · қолданыстағы 12488_208821.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V02T000986_
- ЭКБ идентификаторы
- 12488
- Редакция идентификаторы
- 12488_208821
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:08
0 Исатай ауданында Нарын, Жанбай ауылдық округтерiн құру және Исатай, Забурын, Аққыстау, Тұщықұдық ауылдық округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық шекараларын өзгерту туралы
📌 Ескерту. Шешімнің атауына өзгеріс енгізілді – Атырау облыстық Мәслихатының 10.10.2014 № 324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, сонымен қатар Исатай ауданының өкiлеттi және атқарушы органдарының ұсынысын ескерiп, екiншi сайланған Атырау облыстық мәслихатының XVII сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Исатай ауданында Забурын ауылдық округi жерiнен Нарын және Жанбай ауылдық округтерiн құру туралы Атырау облысы әкiмиятының 2002 жылдың 21 ақпанындағы № 96 қаулысымен келiсiлсiн (жалғанды).
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – Атырау облыстық Мәслихатының 10.10.2014 № 324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2 Атырау облыстық әкімиятының қаулысы 2002 жылғы 21 ақпан № 96 «Нарын, Жанбай ауылдық округтерiн құру және Исатай, Забурын, Аққыстау, Тұщықұдық ауылдық округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық шекараларын өзгерту туралы»
2. Қосымшаға сәйкес Исатай, Забурын, Аққыстау және Тұщықұдық ауылдық округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық шекарасы өзгертiлсiн.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – Атырау облыстық Мәслихатының 10.10.2014 № 324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Атырау облыстық әкімиятының қаулысы 2002 жылғы 21 ақпан № 96 «Нарын, Жанбай ауылдық округтерiн құру және Исатай, Забурын, Аққыстау, Тұщықұдық ауылдық округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық шекараларын өзгерту туралы»
Ескерту. Қаулының атауына өзгеріс енгізілді – Атырау облыстық Мәслихатының 10.10.2014 № 324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және Исатай ауданының өкiлеттi және атқарушы органдарының пiкiрiн ескерiп, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Исатай ауданында Нарын және Жанбай ауылдық округтерi құрылсын.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – Атырау облыстық Мәслихатының 10.10.2014 № 324-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2 2. Қосымшаға сәйкес Исатай, Забурын, Аққыстау және Тұщықұдық ауылдық округтерiнiң әкiмшiлiк-аумақтық шекарасы өзгертiлсiн.
3 3. Осы мәселе облыстық мәслихаттың кезектi сессиясының қарауына енгiзiлсiн.
6 Облыс әкімиятының
2002 жылғы 21 ақпан № 96
қаулысына қосымша
1. Исатай ауылдық округi - Исатай стансасының аумағы
2. Забурын ауылдық округi - Забурын және Аманкелдi елдi мекендерi
3. Нарын ауылдық округi - Нарын бекетi, Мыңтөбе, Жаңа Жанбай елдi мекендерi
4. Жанбай ауылдық округi - Жанбай ауылы, Манаш елдi мекенi
5. Аққыстау ауылдық округi - Аққыстау селосы, № 17 бекет, Гран, Шыныбек, Есiркеп елдi мекендерi
6. Тұщықұдық ауылдық округi - Чапаев ауылы, Бекайдар, Айбас, Қызыл үй елдi мекендерi.