Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение ХI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 2 июля 2008 года N 119 "Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений города Алматы"

Ереже · № 316 · қабылданған 12.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/i-iv-2-2008-n-119/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение ХI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 2 июля 2008 года N 119 "Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений города Алматы" Күшін жойған Ереже ·№ 316 ·12.04.2010
14.09.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение ХI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 2 июля 2008 года N 119 "Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений города Алматы"

Күшін жойған Ереже ·№ 316 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение ХI-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 2 июля 2008 года N 119 "Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений города Алматы"
Атауы (қаз.)
IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 119 «Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
316
Қабылданған күні
12.04.2010
Көрсетілген редакция
14.09.2018 52611_360323.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10R000848_
ЭКБ идентификаторы
52611
Редакция идентификаторы
52611_360323
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:32

0 IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 119 «Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының «Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 2 шілдедегі № 119 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 781 рет санымен тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда «Алматы ақшамы» газетінің 95 нөмірінде және 2008 жылғы 21 тамызда «Вечерний Алматы» газетінің 100 нөмірлерінде жарияланған, «IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі «Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесін бекіту туралы» № 119 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XIХ сессиясының 2009 жылғы 25 маусымдағы № 220 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 819 рет санымен тіркелген, 2009 жылғы 22 тамызда «Алматы ақшамы» газетінің 99 нөмірінде және 2009 жылғы 8 тамызда «Вечерний Алматы» газетінің 92 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
47 және 54 тармақтардағы «тиым салынады» сөздері «рұқсат етілмейді» сөздерімен ауыстырылсын;
48 тармақтағы «етуге мiндеттi» сөздері «етуі керек» сөздерімен ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы 53–1 тармағымен толықтырылсын:
«53–1. Рұқсатпен бірге осы Ереженің 5 қосымшасына сәйкес, белгіленген үлгідегі, қалпына келтірілуге және өтемдік отырғызуға, кесілуге жататын жасыл желектердің саны, жүргізілген кесу мен өтемдік отырғызудың жүргізілгені туралы белгісімен рұқсаттың қайтару талоны беріледі. Өтемдік отырғызу біткеннен кейін рұқсаттың қайтару талоны өкілетті органға қайтарылып беріледі.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының экология, денсаулық және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т.Ә. Ізмұхамбетов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Шормановқа жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Алматы қаласындағы

жасыл желектерді қорғау
мен күту Ережесіне 5 қосымша
РҰҚСАТТЫҢ ҚАЙТАРУ ТАЛОНЫ
берілген рұқсатқа сәйкес жасыл желектерді
кесу жұмыстарының жүргізілуіне бақылау туралы
Тапсырушы:____________________________, берілген рұқсаттың уақыты және нөмірі ___________________________
Берілген рұқсатқа сәйкес кесілуге жататын жасыл желектердің орналасқан орны
Берілген рұқсатқа сәйкес кесілуге жататын ағаштардың тұқымдық құрамы
Саны (дана)
Нақты кесілген жасыл желектер
Берілген рұқсатқа сәйкес өтемдік отырғызуға жататын жасыл желектердің орналасқан орны
кестенің жалғасы
Берілген рұқсатқа сәйкес өтемдік отырғызуға жататын ағаштардың тұқымдық құрамы
Саны (дана)
Нақты отырғызылған жасыл желектер
Ескерту-
лер
Рұқсаттың қайтару талоны 201__ жылы «____» __________ берілген. Мерзімі өткен соң және өтемдік отырғызулар жоспары орындалғаннан кейін осы рұқсаттың қайтару талоны Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қайтарылуға жатады.
Табиғатты пайдалануды реттеу бөлімінің бастығы __________.
Ор. ___________, тел.____________.
201__ жылы «____»_________Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы табиғатты пайдалануды реттеу бөлімінің бас маманы қабылдап алды ____________, _______. (қолы).

Қолданыстағы