Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение ХI сессии маслихата города Алматы V созыва от 12 декабря 2012 года № 78 «Об установлении ставок платы за использование особо охраняемых природных территорий Государственного регионального природного парка «Медеу»

Өзге акт · № 289 · қабылданған 21.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/i-v-12-2012-no-78/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение ХI сессии маслихата города Алматы V созыва от 12 декабря 2012 года № 78 «Об установлении ставок платы за использование особо охраняемых природных территорий Государственного регионального природного парка «Медеу» Күшін жойған Өзге акт ·№ 289 ·21.11.2018
29.11.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение ХI сессии маслихата города Алматы V созыва от 12 декабря 2012 года № 78 «Об установлении ставок платы за использование особо охраняемых природных территорий Государственного регионального природного парка «Медеу»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 289 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение ХI сессии маслихата города Алматы V созыва от 12 декабря 2012 года № 78 «Об установлении ставок платы за использование особо охраняемых природных территорий Государственного регионального природного парка «Медеу»
Атауы (қаз.)
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 78 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
289
Қабылданған күні
21.11.2018
Көрсетілген редакция
29.11.2024 126164_732365.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18R0001517
ЭКБ идентификаторы
126164
Редакция идентификаторы
126164_732365
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:33

0 V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының

«Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше
қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы
ставкаларын белгілеу туралы» 2012 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 78 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 78 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 961 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2013 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 591-бабына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.»;
аталған шешімнің қосымшасындағы тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын (ЕҚТА) пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері».

2 2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы