Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение II сессии маслихата области Ұлытау от 18 мая 2023 года № 25 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений области Ұлытау»

Ереже · № 180 · қабылданған 16.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/ii-18-2023-no-25-ekb-201782/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение II сессии маслихата области Ұлытау от 18 мая 2023 года № 25 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений области Ұлытау» Қолданыста Ереже ·№ 180 ·16.10.2024
16.10.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение II сессии маслихата области Ұлытау от 18 мая 2023 года № 25 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений области Ұлытау»

Қолданыста Ереже ·№ 180 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение II сессии маслихата области Ұлытау от 18 мая 2023 года № 25 «Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений области Ұлытау»
Атауы (қаз.)
Ұлытау облыстық мәслихатының II сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 25 «Ұлытау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
180
Қабылданған күні
16.10.2024
Көрсетілген редакция
16.10.2024 201782_723849.kaz
Соңғы өзгеріс
16.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24H000180M
ЭКБ идентификаторы
201782
Редакция идентификаторы
201782_723849
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:10

0 Ұлытау облыстық мәслихатының II сессиясының 2023 жылғы

18 мамырдағы №25 «Ұлытау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ұлытау облыстық мәслихатының II сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы №25 «Ұлытау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін :

көрсетілген бекітілген бекітілген Ұлытау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына:
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:
1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;
2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;
3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;
4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;
5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);
6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
«27-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:
ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;
ағаш діңін ақтау;
бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;
шөп шабу, арамшөптерді жою;
жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);
бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;
ағаш тәжін тәждеу;
ағаштардың тәжін қалыптастыру;
қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;
апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;
тыңайтқыштарды қолдану;
жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;
қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы