Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөнiндегi қосымша шаралар туралы
ҚАЗХалықтың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөнiндегi қосымша шаралар туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөнiндегi қосымша шаралар туралы
- Атауы (қаз.)
- Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөнiндегi қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20
- Қабылданған күні
- 08.02.2005
- Көрсетілген редакция
- 10.01.2008 · қолданыстағы 23180_146913.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 10.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05C0003089
- ЭКБ идентификаторы
- 23180
- Редакция идентификаторы
- 23180_146913
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:11
0 Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөнiндегi қосымша шаралар туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөнiндегi шараларын кеңейту мақсатында облыс әкiмдiгi қаулы етеді:
1 1. Қоса берiлiп отырған халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасы бекiтiлсiн.
2 2. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкiмдерi әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынатын немесе ашатын кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесiн бекiтсiн.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ә. Н. Қартовқа жүктелсiн.
4 Облыс әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 8 ақпандағы
N 20 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасы
Осы Қағида халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртiбiн айқындайды, әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдармен (меншiк түрiне қарамастан) жасалатын негiзгi шарттар мен олармен есеп айырысу жүйесiн реттейдi.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1
1) әлеуметтiк жұмыс орыны - халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды арнайы жұмысқа орналастыру үшiн жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелген, жергiлiктi бюджет есебiнен жұмысқа қабылданған қызметкерлерге жұмыс берушiлер жұмысақы төлеу шығынының бiр бөлiгiне өтемақы жасайтын жұмыс берушiлердiң ашқан немесе ұсынған жұмыс орыны.
2 2) мақсатты топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды талап ететiн адамдар ретiнде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген адамдар топтары.
2 . Әлеуметтiк жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заң актiлерi қолданылады.
3 3. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар әлеуметтiк жұмыс орнына орналастыру үшiн жұмыссыздарға жолдама берудi жүзеге асырады.
2 2. Халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртiбi
4 4. Халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орнын жергiлiктi (қалалық, аудандық) бюджеттер қаражаты есебiнен жұмысқа қабылданған қызметкерлерге еңбекақының бiр бөлiгiн төлеу шарты бойынша кәсiпорындар мен ұйымдар ұсынады немесе ашады.
5 5. Әлеуметтiк жұмыс орнын ұсынатын немесе ашатын кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесi, әлеуметтiк жұмыс орындарының саны, мерзiмi және қаржыландыру шарты қала (аудан) әкiмдiгiнiң шешiмiнде бекiтiледi.
6 6. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынушы кәсiпорындарды iрiктеуді жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi жүргiзедi.
7 7. Мекемелердi iрiктеу кезiнде әлеуметтiк жұмыс орнына қабылданған қызметкерлердiң одан әрi тұрақты жұмысқа орналасуына кепiлдiк беретiн кәсiпорындар мен ұйымдарға басымдылық берiледi.
8 8. Аудандық, қалалық жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орнына олардың келісiмiмен жiбередi.
9
9. Кәсiпорындар мен ұйымдар арасындағы еңбек қатынасын өз бетiнше тоқтатқан (дәлелсiз себептермен) жұмыссыздар жұмыссыз ретiнде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тiркелген есептен шығарылып тасталады және уәкілетті органға қайтадан тек қана тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін қайтадан жіберілуі мүмкін.