Ауданның село мен ауылдарын көркейту және санитарлық тазалау, инфрақұрылымдық объектiлерiн, жасыл алқаптарын ұстау ережелерi туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауданның село мен ауылдарын көркейту және санитарлық тазалау, инфрақұрылымдық объектiлерiн, жасыл алқаптарын ұстау ережелерi туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауданның село мен ауылдарын көркейту және санитарлық тазалау, инфрақұрылымдық объектiлерiн, жасыл алқаптарын ұстау ережелерi туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-5с
- Қабылданған күні
- 27.02.2004
- Көрсетілген редакция
- 02.08.2010 · қолданыстағы AI19218_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.08.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04SM001194
- ЭКБ идентификаторы
- 19218
- Редакция идентификаторы
- AI19218_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:25
0 Ауданның село мен ауылдарын көркейту және санитарлық тазалау, инфрақұрылымдық объектiлерiн, жасыл алқаптарын ұстау ережелерi туралы
Қазақстан Республикасын "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТI:
1 1. "Ауданның село мен ауылдарын көркейту және санитарлық тазалау, инфрақұрылымдық объектiлерiн, жасыл алқаптарын ұстау ережелерi" бекiтiлсiн. (Тіркеледі)
2 2. 2001 жылдың 25 желтоқсандағы N 7-16с аудандық мәслихаттың шешімі күшін жойды деп есептелсін.
3 Ауданның село мен ауылдарын көркейту және
санитарлық тазалау, инфрақұрылымдық
объектiлерiн, жасыл алқаптарын ұстау
ережелерi туралы 2004 жылғы 27 ақпандағы
мәслихаттың 5 сессиясының №6-5с шешiмiмен
БЕКIТIЛГЕН
Ауданның село мен ауылдарын көркейту және санитарлық тазалау, инфрақұрылымдық объектiлерiн, жасыл алқаптарын ұстау ережелерi ЕРЕЖЕЛЕРI
1 1. Жалпы ережелер
Осы ережелер Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дайындалды және ауданның село мен ауылдарды көркейту, санитарлық тазалау, жасыл алқаптарын ұстау, қорғау тәртiбiн және жағдайын белгiлейдi. Заңды және жеке тұлғалардың меншiк түрiне қарамай, өндiрiстiк пен аула iшiндегi аумақты ұстау жөнiндегi құқығын және мiндеттерiн, қоғамдық орындарды пайдалану жөнiндегi мiндеттердi анықтайды және осы ережелердi бұзғаны үшiн адамдардың жауапкершiлiгiн белгiлейдi.
Пайдаланылатын анықтамалар:
Мүдделi жақтардың келiсiмi - шектес жер учаскелерi меншiктерiнiң және пайдаланушылардың арасындағы осы учаскелердi ұстау жөнiндегi жауапкершiлiктi шектеу туралы таласты мәселе жөнiндегi келiсiм.
Жер учаскесiн ұстау - жердi тиiмдi пайдалану, экологиялық қауiпсiздiгi, санитарлық-эпидемиологиялық және халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету мақсатымен өткiзiлетiн ұйымдастыру және техникалық шаралардың жинағы.
Жер учаскесi - Заң тәртiбiмен белгiленген құқықтық қатынас, жердiң субъектiлерге бекiтiлген және тұйық шекарадағы бөлiнген жер бөлiгi.
Жер учаскесiн ұстау мәселесi меншiктермен және пайдаланушылармен өз бетiмен немесе жұмыс құрамын, сапалы баға белгiсiн, екi жақтың жауапкершiлiгiн ескеретiн, адамды жалдау туралы келiсiм жасау арқылы жүргiзiледi.
Осы ережелер ауданның село мен ауылдардың аумағында меншiк түрiне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға, лауазымды қызметкерлерге мiндеттi болып табылады.
2 2. Аумақты ұстау үшiн қойылатын талаптар
1 1. Меншiк түрiне қарамай кәсiпорын, мекеме және ұйым басшыларына дүкендердiң, дүңгiршектiң, сауда павильондарының иелерiне, жалдаушыларына және тағы басқаларына ұсынылады:
Көшелердi және жақындағы аумақтарды күнделiктi санитарлық жинау, сыпырынды мен қарды өз күшiмен немесе басқа кәсiпорындарымен келiсiм негiзiнде шығаруды қамтамасыз ету. Жер учаскесiн және жақындағы аумақтарды жинау, тазалықта ұстау үшiн басшы тағайындайтын қызметшi немесе оның өзi жауапты болады.
Егер, құрылыс көшенiң бiр жағында тұрса, тазалау барлық көше бойында және тротуарларда жүргiзiледi.
2 2. Үйлердiң алдыңғы жағын және құрылыстарды, кiретiн есiктердi сырлау және жөндеу, әкiмшiлiк және өндiрiстiк құрылыстардың витринасын және терезелерiн жуу, газонды және жасыл алқаптарды күту, арам шөптi дер кезiнде жұлу.
3 3. Жер асты құрылыстарын қазу, төсеу, өзгерту, жөндеу, жаңа құрылысты бастау, тәртiпке сәйкес құжаттарды тiркегеннен кейiн ғана жүргiзiледi.
4 4. Айналадағы ортаның ластануын жоюға және ескертуге бағытталған санитарлық-эпидемиологиялық шараларды әзiрлеу және iске асыру.
5 5. Тұрғын үй иелерiнiң мiндетi:
Күл мен қоқыс жинайтын арнаулы жинақтарды жабдықтау.
Арнаулы белгiленген орындарға өз күшiмен күл мен қоқыстарды, қарды шығаруды ұйымдастыру немесе осы түрдегi жұмысты орындауға келiсiм жасау.
Үй иелерi, үйден жүретiн жолға дейiнгi жер учаскесiн ұстауды қамтамасыз ету.
3 3. Сыртқы көркейту элементтерiн ұстау
6 6. Шарбақ, дуал бекiту, газондар, дүңгiршектер, павильондар, дүкендердi және тағы басқаларды құру, бекiтiлген тәртiпке сәйкес олардың орындарын бекiту жоба келiсiлген кезiнде рұқсат етiледi.
7 7. Жылжымалы ұсақ бөлшек сауда орындарына рұқсатты аудан сәулетшiсiмен келiсiлген соң, жедел басқару бөлiмi бередi.
8 8. Құрылыс алаңдары және орындары жұмыс мерзiмiнiң аяғына дейiн белгiленген үлгiмен барлық периметр бойынша дуалмен қоршалған болуы керек. Құрылыс алаңдары, кiре берiстерi, автокөлiкпен шығу кезiнде көшенiң ластануын болдырмау мақсатымен көркейтiлуi керек.
9 9. Жер учаскелерiнiң иелерi жәшiктердi сыпырындыдан дер кезiнде тазалап отыруға мiндеттi. Дүкендер, дүңгiршектер, сауда орындарында жәшiктердi солардың иелерi қояды. Сауда орындарындағы жәшiктер түзу және таза ұсталуы, сыпырындылар жиналған кезде тазалап, жуылуы және дезинфекциялануы қажет.
10 10. Инженерлiк тарамдары барөұйымдардың басшылары ор, су құбыры және басқа құдықтардың қақпақтары, жолдың деңгейiнде болғандай және тұрақты түзу жағдайда ұстау үшiн жиi байқалуы тиiс.
11 11. Көмiр отымен жұмыс iстейтiн қазандық иелерi жер учаскелерiнен боқаттарды жиi тазалап, шығаруға, өртке қарсы қауiпсiздiк нысандарын қамтамасыз етуге, ол үшiн белгiленген орында отынды қоймалауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
4 4. Село мен ауыл аумақтарын пайдалану кезiнде шек қою
Тыйым салынады: