Қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша Ерiктi жасақтардың қызмет қағидалар туралы
ҚАЗҚоғамдық тәртiптi қорғау бойынша Ерiктi жасақтардың қызмет қағидалар туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша Ерiктi жасақтардың қызмет қағидалар туралы
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша Ерiктi жасақтардың қызмет қағидалар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 02.06.2003
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2008 · қолданыстағы AI16186_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03PI001894
- ЭКБ идентификаторы
- 16186
- Редакция идентификаторы
- AI16186_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:17
0 Қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша Ерiктi жасақтардың қызмет қағидалар туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармақ 5 тармақшасына сәйкес және азаматтарды қоғамдық тәртiптi сақтауға қатыстыру мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
1 1. Учаскелiк бөлiмдер полициясы пункттерi негiзiнде барлық меншiк түрлерiнiң еңбек ұжымдары өкiлдерi, ұйымдар мен мекемелер, зейнеткерлер санатынан Ерiктi жасақтар құрылсын.
2 2. Аудан әкiмi жанынан қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша Ерiктi жасақтардың аудандық штабы ұйымдастырылсын.
3 3. Қоса берiлiп отырған қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша Ерiктi жасақтардың қызмет қағидалар бекiтiлсiн.
4 4. Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң басшысы Қ.М. Садуақасовқа қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша Ерiктi жасақтардың аудандық штабына құқықтық көмек көрсету ұсынылсын.
5 5. Осы шешiм Қазақстан Республикасы әдiлет Министрлiгiнiң аумақтық органында мемлекеттiк тiркеуден өткен уақытынан бастап 2 апта iшiнде ресми жариялансын.
6 6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары В.В. Дубовицкийге жүктелсiн.
Келiсiлдi:
Лебяжi аудандық iшкi
iстер бөлiмiнiң басшысы
7 Лебяжi ауданының елдi-мекендерiнде қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша Ерiктi жасақтардың қызмет ҚАҒИДАЛАРЫ
Аудан әкiмiнiң 2003 жылғы
3 маусымдағы "Қоғамдық тәртiптi
қорғау бойынша Ерiктi жасақтардың
қызмет ережелерi туралы"
№ 11 шешiмімен бекiтiлген
Лебяжi ауданының елдi-мекендерiнде қоғамдық тәртiптi
сақтау бойынша Ерiктi жасақтардың қызмет
ҚАҒИДАЛАРЫ
1 1. Жалпы ережелерi
1
1. Қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi Ерiктi жасақтар бөлiмшелерi құқық бұзушылардың алдын алу және iшкi iстер органдарына қоғамдық тәртiптi қорғауға көмек көрсету үшiн азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша барлық меншiк түрiндегi мекемелер мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен, оқу мекемелерiнiң әкiмшiлiгiмен құрылады.
2 2. Ерiктi жасақтар бөлiмшелерi қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтардың өз еркi негiзiнде еңбек ұжымдары, мекемелер мен ұйымдар, оқу мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң ұсынысы бойынша азаматтардың жеке өтiнiшi негiзiнде құрылады.
3 3. Жасақтың құрамына қабылдау туралы азаматтардың өтiнiштерi қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша Ерiктi жасақтар штабы басшысының атына жазылады (бұдан әрi аудандық штаб).
4 4. Жеке басы, қызмет және моральды қасиеттерi бойынша жасақшыларға қойылатын талапқа сай болса, штаб басшысының бұйрығымен ерiктi жасақтар құрамына алынады.
5 5. Кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу мекемелерi Ерiктi жасақтар бөлiмшелерiне аудандық штаб басшысы жалпы басшылық етедi.
6 6. Аудандық Ерiктi жасақтар штабы Ерiктi жасақтар бөлiмшелерi мен iшкi iстер органдарының өзара iс-қимыл жасау мәселелерiн үйлестiредi.
7 7. Меншiк түрiне қарамастан барлық заңды тұлғалар және азаматтар жасақшыларға қоғамдық тәртiптi қорғау мен құқық бұзушылықтың алдын-алуда көмек көрсетуге құқылы.
2 2. Негiзгi тапсырмалар мен мiндеттерi
8
8. Ерiктi жасақшылардың ең негiзгi тапсырмасы iшкi iстер органдарына қоғамдық тәртiптi қорғауда көмек көрсету, атап айтқанда iшкi iстер органдарының қызметкерлерiмен көшелерде, алаңдарда, тұрғын ұй кеңiстiгi мен басқа да, қоғамдық орындарда, сонымен қатар мәдени-массалық және спорттық-ойын сауық iс-шараларын өткiзу кезiнде патрульдеу, iшкi iстер органдарының маскүнемдiктiң, наркомания мен токсикоманияның, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалар бақылаусыздығының алдын алу бойынша жұмыстарына қатысу.
3 3. Жасақтар құрылымы және олардың жұмыс қағидасы
9 9. Ерiктi жасақтар аудандық штаб пен жасақшылар бөлiмшелерi, мекемелер мен ұйымдар, оқу мекемелерiнен құрылады.
10 10. Аудандық штабқа iшкi iстер бөлiмi басшысының қызмет бойынша орынбасары (О.Т. Мырзабаев) басшылық етедi.
11 11. Оқу мекемелерi, кәсiпорындар мен ұйымдар Ерiктi жасақтар бөлiмшелерiн штаб басшысы тағайындайтын және босататын командир басқарады.
12 12. Аудандық штабтың басшысы келесi қызметтердi атқарады:
1
1) Ерiктi жасақтардың iшкi iстер органымен қызметi, қоғамдық тәртiптi қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерi бойынша өзара iс-әрекет жасауды және үйлестiрудi қамтамасыз етедi, Ерiктi жасақтар бөлiмшелерiнiң қызметiн жинақтап, сараптайды, сонымен қатар жұмыстың нәтижелiлiгiн арттыру бойынша шаралар қабылдайды;