Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в решение II сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 32 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Караганды»

Ереже · № 308 · қабылданған 18.07.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/ii-v-16-2012-no-32-ekb-123799/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в решение II сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 32 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Караганды» Күшін жойған Ереже ·№ 308 ·18.07.2018
03.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в решение II сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 32 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Караганды»

Күшін жойған Ереже ·№ 308 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в решение II сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 32 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Караганды»
Атауы (қаз.)
V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі II сессиясының «Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 32 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
308
Қабылданған күні
18.07.2018
Көрсетілген редакция
03.07.2024 123799_709317.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18KA004883
ЭКБ идентификаторы
123799
Редакция идентификаторы
123799_709317
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:42

0 V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі II сессиясының «Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 32 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі «Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 32 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8-1-154 болып тiркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы №064 (970) «Взгляд на события» газетiнде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiнде:
2 тармағы келесі мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«1-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;»;
17 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұқтаров) жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Жайназаров
2018 жылғы 18 шілде

Қолданыстағы