Қолданыстағы ред. 10.05.2004 (Редакция 20581_268731.kaz)

Индер аудандық мәслихатының үлгілі жұмыс тәртібіне (II сайланған аудандық мәслихаттың XI сессиясының 2001 жылғы 26 шілдедегі № 85-II шешімімен бекітілген, Атырау облысының әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 17 қазанда тіркелген, тіркеу № 63) толықтырулар енгізу туралы от 10.05.2004 г. № 49-III (Индер аудандық мәслихатының үлгілі жұмыс тәртібіне (II сайланған аудандық мәслихаттың XI сессиясының 2001 жылғы 26 шілдедегі № 85-II шешімімен бекітілген, Атырау облысының әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 17 қазанда тіркелген, тіркеу № 63) толықтырулар енгізу туралы)

0

Индер аудандық мәслихатының үлгілі жұмыс тәртібіне (II сайланған аудандық мәслихаттың XI сессиясының 2001 жылғы 26 шілдедегі № 85-II шешімімен бекітілген, Атырау облысының әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 17 қазанда тіркелген, тіркеу № 63) толықтырулар енгізу туралы
III сайланған Индер аудандық Мәслихатының кезектен тыс Y сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Өкілді органдар-мәслихаттарға сайлау комиссияларын құру құқығы (Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 10-бабы) берілуіне байланысты аудандық Мәслихаттың үлгілік жұмыс тәртібіне мына мазмұндағы № 12,13,14 баптармен толықтырулар енгізілсін:
12 бап. Аудандық Мәслихат құратын сайлау комиссиялары
1. Аудандық Мәслихат аумақтық сайлау комиссиясын, аудандық Мәслихатқа депутаттар сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын және учаскелік сайлау комиссияларын сайлайды.
2. Аудандық Мәслихат аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде сайлайды.
3. Аудандық Мәслихат белгілеген сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін кем дегенде бір ай мерзімде саяси партиялардан ұсыныс болмаған жағдайда Мәслихат сайлау комиссияларын өзге де қоғамдық ұйымдар мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.
4. Аудандық Мәслихат сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес:
1. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының әрқайсысы жеті мүшеден тұратын құрамда сайланады.
2. Сайлау комиссиясы бір ұйымның қызметкерлерінен тұрмауы тиіс.
3. Сайлау комиссиясы мүшесінің тиісті сайлау комиссиясы орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы міндетті.
4. Сайлау комиссияларына Қазақстан Республикасының белсенді сайлау құқығы бар азаматы мүше бола алады.
13 бап. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды енгізу тәртібіъ
1. Аудандық Мәслихат сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей жаңа сайлау комиссияларын құру жөнінде шешім қабылдап, онда сайлау комиссияларының тізбесі, мерзімі, ұсыныс беру тәртібі және осы ұсыныс қабылданатын мекен-жай көрсетіледі.
2. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды енгізу аудандық мәслихат хабарламасы жарияланған күннен бастап басталады және сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі бір ай мерзімде аяқталады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күн ішінде саяси партиялар мен олардың құрылымдық бөлімшелері кандидаттар тізімін Орталық сайлау комиссиясы белгілеген нысан бойынша ұсынып отырған сайлау комиссияларын көрсету арқылы жолдайды.
14 бап. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын құру және сайлау
1. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау бір айдан кешіктірілмей басталады және сайлау комиссиясының өкілеттігі біткенге дейінгі үш күн ішінде аяқталады.
2. Аумақтық, әрбір округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына саяси партиялардың бір ғана өкілі ене алады.
3. Аудандық Мәслихат хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссиясын құру туралы ақпарат жарияланғанға дейін үш күннен кешіктірмей өз өкімімен депутаттар мен аппарат қызметкерлерінен сайлау комиссияларын құру жөніндегі Жұмыс тобын (әрі қарай Жұмыс тобы) құрады.
4. Жұмыс тобы саяси партиялардан, өзге де қоғамдық ұйымдардан және олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған сайлау комиссияларынан келіп түскен құрылатын сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды енгізу жөніндегі ұсыныстарды жинап, әзірлеумен айналысады.
5. Сайлау комиссияларының құрамын дайындау кезінде жұмыс тобы бірінші кезекте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа алады.
6. Сайлау комиссияларының мүшелерін сайлауда Мәслихат атынан мынандай тәсілдер ұсынылады.
1) саяси партиялардан тиісті сайлау комиссияларының мүшелігіне ұсыныстар саны тең (жеті) болса, Жұмыс тобы осы комиссияның құрамына дауыс беруге Мәслихат сессиясына енгізеді. Сессияда депутаттардың көпшілігі дауыс берген жағдайда комиссияның құрамы туралы ұсыныс қабылданған болып есептеледі.
2) саяси партиялардың тиісті сайлау комиссиялардың мүшелігіне ұсыныстар саны асып кетсе (жетеуден артық) жұмыс тобы Мәслихат сессиясына сол сайлау комиссиясының құрамына сайлауда рейтингілік дауыс беруді ұсынады.
Рейтингілік дауыс беру тәртібі:
Жұмыс тобы әр депутатқа бюллетень дайындайды. Оған саяси партиялар ұсынған кандидаттар енгізіледі. Кандидатуралар саяси партиялардан түскен ұсыныстардың кезегі бойынша енгізіледі, кандидатура тегінің оң жағына кезектілік саны немесе депутаттар (X немесе Y) белгі қоятын бос тор көздер көрсетіледі.
Аудандық Мәслихат депутаттары саяси партиялардың өкілдеріне назар аудара отырып, өздері қалаған кандидат үшін жеті тор көзге белгі салады.
3) Саяси партиялардың тиісті сайлау комиссиялардың мүшелігіне ұсыныстар саны аз (жетіден кем) болса, Жұмыс тобы кандидатуралардың сайлау комиссиясының құрамына енгізу, бос орындарға қоғамдық ұйымдар мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарын қарайды. Бос орындарға түскен ұсыныстардың саны тең болғанда аудандық Мәслихаттың сессиясына осы құрамға дауыс беру ұсынылады, ал ұсыныстар саны асып кеткен жағдайда Жұмыс тобы Мәслихат сессиясына комиссия құрамына саяси партиялар өкілдерін сайлауды, ал бос орындарға рейтингілік дауыс беруді ұсынады.
7. Егерде аудандық мәслихат депутаттары комиссия құрамындағы нақты кандидатқа қарсы болса, онда ол сол партияның немесе қоғамдық ұйымның басқа кандидатымен ауыстырылады.
8. Рейтингілік дауыс беру біткеннен кейін барлық бюллетеньдер сессия кезінде аудандық Мәслихат депутаттарынан құрылатын Есептеу комиссиясына беріледі.
Есеп комиссиясының құрамы және төрағасы Мәслихат сессиясымен белгіленеді.
9. Дауыс берудің қорытындысын Есептеу комиссиясының төрағасы аудандық Мәслихат сессиясына жариялайды.
10. Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын орынбасарын және хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық отырысын жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы жариялайды. Осы кандидатура саны жағынан мәслихат депутаттарының ең көп дауысын алғандығы бойынша анықталады. Депутаттар дауыстары тең болған жағдайда осы кандидатура бюллетеньде орналасқан орны бойынша анықталады.
Сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын және хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастыру отырысын алдыңғы құрамдағы сайлау комиссиясының төрағасы немесе басқа мүшесі келісім бойынша жүргізеді.
11. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаларының орынбасарлары мен хатшылары құрылған күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірілмей өтетін сайлау комиссиясының отырысына сайланады.
12. Сессияда сайлау комиссиясы құрамдарының құрылу қорытындыларын мәслихат хатшысы сайлау комиссияларының сайланған мүшелеріне жеткізеді және бұқаралақ ақпарат құралдарында жариялайды.