Қызылорда облысы Әкімиятының 2001
жылғы 6 тамыздағы N 54 қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы
19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту
туралы заңын iске асыру шаралары туралы
қаулысын жүзеге асыру туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" заның iске асыру шаралары туралы қаулысын жүзеге асыру және облыс аумағындағы халықты жұмыспен қамтуды белсендi қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмияты қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы заңын iске асыру шаралары туралы қаулысын жүзеге асыру туралы" от 05.08.2001 г. № 54 (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы заңын iске асыру шаралары туралы қаулысын жүзеге асыру туралы")
1. Аудан және Қызылорда қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының еңбек рыногының бiрынғай мәлiметтер дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етсiн, ол үшiн бiр ай мерзiм iшiнде аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтарын Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Интернет жүйесiндегi WEB сайтына қосу үшiн мүмкiндiк iздестiрiп компьютерлермен қамтамасыз етсiн және жергiлiктi бюджеттен олардың қызмет жасауына қаржы бөлiнуiн қарастырсын.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тек коммуналдық меншiктегi ұйымдары конкурссыз негiзде жасайтыны белгiленiп, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты шарттары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi мен оларды қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Республикалық бюджеттен қаржыланатын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мемлекеттiк сатып алуда заңнамамен белгiленген тәртiппен жасалатыны бекiтiлсiн.
Қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылған кезде қаржыландырудың тәртiбi мен шарттарын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.
4. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорєау басқармасы, аудан және Қызылорда қаласының әкiмдерi қоғамдық жұмыстар бойынша келiсiмдердiң шарттарының сақталуы барысына тұрақты бақылау жасасын, олардың тиiмдi жүргiзiлуiне ықпал етсiн.
5. Аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерi осы Қаулының орындалу барысы туралы тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-шы жұлдызына облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына есеп берсiн.
6. "1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 1242 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жайлы қағидаларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысын жүзеге асыру жайлы 1999 жылғы 13 қаңтардағы N 868 облыс әкiмiнiң шешiмi күшiн жойған деп есептелсiн.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш. Төребаевқа жүктелсiн.
Облыс әкiмиятының
2001 жылғы 6 тамыздағы N 54
қаулысымен бекiтiлген
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Қоғамдық жұмыстарды коммуналдық меншiктегi ұйымдар жүргiзедi.
Қоғамдық жұмыстардың түрлерi
1. Коммуналды-тұрғын шаруашылық мекемелерiне қала, қыстақтар, ауылдық округтерде және кәсiпорын мекемелерiнiң айналасын тазартуға көмектесу.
2. Жолдарды салу және жөндеу, су құбырларын, канализация және басқа инженерлiк коммуникациялар жүргiзу.
3. Әлеуметтiк мәдени объектiлердi салу, қайта өңдеу және жөндеу.
4. Тарихи-архитектуралық ескерткiштер мен комплекстердi қалпына келтiру, археологиялық жұмыстар жүргiзу.
5. Айналаны көгалдандыру-көркейту, орман шаруашылығының сақталуы, орман демалыс орындарын, демалыс және туризм аймақтарын дамыту.
6. Көктемгi егiн және жинау науқандары кезiнде ауылдық округтардың жерлерiн паспортизациялау.
7. Республикалық және аймақтық қоғамдық компаниялардын өткiзiлуiне қатысу, қоғамдық пiкiрлер жинау, халық санағы.
8. Қарулы күштер қатарына шақыру жүргiзуге ықпал жасау.
9. Қосалқы шаруашылығы бар мекемелерде мал бордақылау, жас малды өсiру, малды күзету және жою.
10. "Атаулы әлеуметтiк көмек сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргiзу үшiн құрылған учаскелiк комиссияға жәрдем көрсету.
Қоғамдық жұмыстардың нақты көлемi мен шарттары
1. Қоғамдық жұмысты жүргiзу көлемi кедейшiлiкпен, жұмыссыздықпен күресу 2000-2002 жылдар аралығындағы мемлекеттiк бағдарламасымен анықталады.
Қоғамдық жұмыстарды өткiзу тәртiбi мен шарттары 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларымен анықталады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысы
және оларды қаржыландыру көзi
1. Қоғамдық жұмыстардағы жұмыссыздардың еңбек ақысы iстеген нақты уақытына, жұмыс көлемiне байланысты бекiтiлген тәртiпке сәйкес төленедi, бiрақ Қазақстан Республикасында бекiтiлген төменгi еңбек жалақыдан төмен болмауы керек.
2. Қоғамдық жұмыстардың қаржыландыру көзi жұмыспен қамту облыстық бағдарламасымен анықталып облыстық бюджеттен қаржыландырылады.