Қолданыстағы ред. 10.04.2001

Ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн 2001 жылғы көктемгi дала жұмыстарын өткiзуге несиелендiрудiң Тәртiбiн бекiту туралы от 10.04.2001 г. № 1 (Ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн 2001 жылғы көктемгi дала жұмыстарын өткiзуге несиелендiрудiң Тәртiбiн бекiту туралы)

0

Ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн 2001 жылғы көктемгi дала жұмыстарын өткiзуге несиелендiрудiң Тәртiбiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 сәуiрдегi № 485 «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаржы бөлу туралы» қаулысын iске асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Ауылшаруашылық тауар өнiм өндiрушiлерiн 2001 жылғы көктемгi дала жұмыстарын өткiзуге несиелендiрудiң Тәртiбi бекiтiлсiн (қоса тiркелдi).

2

2. Облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Нұртазаев бөлiнген қаржыны Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша дәндi дақылдардың үлесiне сәйкес бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.

3

3. Қызылорда қаласы мен аудан әкiмдерi бөлiнген несие ресурстарының мақсатты пайдалануын, толық және уақытылы қайтарылуын қамтамасыз етсiн.

4

4. Облыстық қаржы басқармасы бөлiнген несие ресурстарының мақсатты пайдалануы мен уақытылы қайтарылуына бақылауды қамтамасыз етсiн.

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Б.Б.Қуандықовқа жүктелсiн.