Ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн 2001 жылғы көктемгi дала жұмыстарын өткiзуге несиелендiрудiң Тәртiбiн бекiту туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн 2001 жылғы көктемгi дала жұмыстарын өткiзуге несиелендiрудiң Тәртiбiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 сәуiрдегi № 485 «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаржы бөлу туралы» қаулысын iске асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ауылшаруашылық тауар өнiм өндiрушiлерiн 2001 жылғы көктемгi дала жұмыстарын өткiзуге несиелендiрудiң Тәртiбi бекiтiлсiн (қоса тiркелдi).
Тармақ 2
2. Облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Нұртазаев бөлiнген қаржыны Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша дәндi дақылдардың үлесiне сәйкес бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қызылорда қаласы мен аудан әкiмдерi бөлiнген несие ресурстарының мақсатты пайдалануын, толық және уақытылы қайтарылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы бөлiнген несие ресурстарының мақсатты пайдалануы мен уақытылы қайтарылуына бақылауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Б.Б.Қуандықовқа жүктелсiн.