Қолданыстағы ред. 02.05.2002 (Редакция 12373_295527.kaz)

Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы от 02.05.2002 г. № 223 (Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы)

0

Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 және «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi № 470 қаулысын  iске асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Қоса берiлген Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн (бұдан әрi - Қызылорда облысының жоспары).

2

2. Облыстық басқармалар мен ведомстволар басшылары, аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерi Қызылорда облысының жоспарында айқындалған iс-шаралардың толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсiн.

3

3. Облыстық басқармалар мен ведомстволар екi апта мерзiмiнде жетекшiлiк ететiн облыс әкiмiнiң орынбасарымен келiсiм бойынша облыстық басқарманың (ведомствоның) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - облыстық басқарма (ведомство) жоспары әзiрлеп, бекiтсiн.

4

4. Аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерi екi апта мерзiмде тиiсiнше аудан, Қызылорда қаласының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi жоспарын (бұдан әрi - Аудан (қала) жоспары) әзiрлеп, бекiтсiн.

5

5. Аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерi, облыстық басқармалар мен ведомстволар:
он күн мерзiмде бекiтiлген iс-шаралар жоспарларын облыс әкiмi аппаратына және облыстық экономика басқармасына жiберсiн;
облыстық экономика басқармасына тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей:

1

1) <*>

2

2) Қызылорда облысы, облыстық басқарма (ведомство), аудан (қала) жоспарларының орындалу негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру барысы туралы талдамалы ақпарат тапсырсын.
📌 Ескерту. 5-тармақ өзгертілді - Қызылорда облыстық әкімиятының 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 409 қаулысымен.

6

6. Облыс әкiмiнiң орынбасарлары тоқсан сайын мiндеттерiнiң бөлiнiсiне сәйкес облыстық басқармалар (ведомстволар) басшыларының тиiстi басқармалардың (ведомстволардың) жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратын тыңдасын.

7

7. Мыналар белгiленсiн:

1

1) Қызылорда қаласы және аудан әкімдері атқарушылар болып табылатын аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерi, облыстық басқармалар мен ведомстволар жылына екi рет, 1 маусымға және 1 желтоқсанға, облыстық экономика басқармасына Қызылорда облысының жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар туралы ұсыныстар енгiзе алады;

2

2) облыстық экономика басқармасы Қызылорда облысының жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы облыс әкiмдiгiне жыл сайын, 25 маусымда және 25 желтоқсанда тиiстi қаулы жобаларын ұсынады;

3

3) аудан және Қызылорда қаласы әкiмдерi, облыстық басқармалар мен ведомстволар Қызылорда облысының жоспарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар негiзiнде өз жоспарларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады. <*>
📌 Ескерту. 7-тармақ өзгертілді - Қызылорда облыстық әкімиятының 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 409 қаулысымен.

8

8. Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 18 желтоқсандағы № 97 «Қызылорда облысы әкiмiнiң 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасы және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы»  шешiмiнiң  күшi жойылды деп танылсын.

9

9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Б. Қуандықовқа жүктелсiн.