Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары в Актюбинской области на III квартал 2025 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары в Актюбинской области на III квартал 2025 года
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысында 2025 жылғы III тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 176
- Қабылданған күні
- 09.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 16.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2025 214159_773984.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25C000176A
- ЭКБ идентификаторы
- 214159
- Редакция идентификаторы
- 214159_773984
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:25
0 Ақтөбе облысында 2025 жылғы III тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысында 2025 жылғы III тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.
2
2. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік баскармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2025 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 176 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысында 2025 жылғы III тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
№
Тауарлар атауы
Шекті мән
(теңге)
1
Бірінші сортты бидай ұны, килограмм
234
2
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм
221
3
Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм
421
4
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм
451
5
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм
327
6
Күнбағыс майы, литр
1010
7
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5% толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм
5201
8
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм
3408
9
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), килограмм
1849
10
Пастерленген сүт, майлылығы
2,5%, жұмсақ қаптамада, литр
532
11
Айран, майлылығы
2,5%, жұмсақ қаптамада, литр
644
12
Сүзбе: майлылығы 5-9%, килограмм
2274
13
Картоп, килограмм
429
14
Асханалық сәбіз, килограмм
301
15
Басты пияз, килограмм
327
16
Ақ қауданды қырыққабат, килограмм
340
17
Ақ қант - құмшекер, килограмм
515
18
Тауық жұмыртқасы (I санатты),
10 дана
611
19
Ac тұзы («Экстра» - дан басқа), килограмм
101