Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение III сессии областного маслихата от 25 декабря 2003 года № 59 "Об утверждении Регламента областного Маслихата"

Өзге акт · № 331 · қабылданған 05.07.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/iii-25-2003-no-59/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение III сессии областного маслихата от 25 декабря 2003 года № 59 "Об утверждении Регламента областного Маслихата" Күшін жойған Өзге акт ·№ 331 ·05.07.2006
25.09.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение III сессии областного маслихата от 25 декабря 2003 года № 59 "Об утверждении Регламента областного Маслихата"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 331 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение III сессии областного маслихата от 25 декабря 2003 года № 59 "Об утверждении Регламента областного Маслихата"
Атауы (қаз.)
"Облыстық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсандағы III сессиясының № 59 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
331
Қабылданған күні
05.07.2006
Көрсетілген редакция
25.09.2009 28963_197091.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06K0001817
ЭКБ идентификаторы
28963
Редакция идентификаторы
28963_197091
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:11

0 "Облыстық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсандағы III сессиясының N 59 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6 бабы (1 тармағының 1, 6, және 7 тармақшалары) мен 24 бабына сәйкес және "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 19 Жарлығын орындау барысында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. "Облыстық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсандағы III сессиясының N 59 шешімімен бекітілген облыстық мәслихаттың Регламенті (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген N 1381, "Орталық Қазақстан" газетінің 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 17 (19431), "Индустриальная Караганда" газетінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 10 (19941) жарияланған, "Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 25 желтоқсандағы III сессиясының "Облыстық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы" N 59 шешіміне, нормативтік құқықтық актілер реестріндегі тіркелу нөмірі - 1381, қосымшалар енгізу туралы" Қарағанды облыстық Мәслихатының VI сессиясының 2004 жылғы 20 мамырдағы N 88 шешімімен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген N 1518, ("Орталық Қазақстан" газетінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 100 - 101 (19514) нөмірінде, "Индустриальная Караганда" газетінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 61 (19992) нөмірінде жарияланған), 40 - 1 тармағымен келесі редакцияда толықтырылсын:
"40 - 1. Облыстық мәслихат "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының (1 тармағының 1, 6 және 7 тармақшалары), 24 бабының ережелерін, сондай-ақ "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 19Жарлығын басшылыққа ала отырып, кемінде жарты жылда бір рет сессияда облыс әкімінің (оның міндетін орындаушы тұлғаның) өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебін тыңдайды.
Облыс әкімінің (оның міндетін орындаушы тұлғаның) өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі және осы бойынша шешімнің жобасы облыстық мәслихаттың тиісті сессиясының үш апта бұрын облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.
Мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы облыс әкімінің есебі жөніндегі шешім "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңның 11 бабының 3 тармағы және осы Регламенттің 30 - 33 тармақтары анықтаған тәртіппен қабылданады.".

2 2. Осы шешім "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабы 2 тармағының 5 тармақшасына сәйкес алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы