Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение III сессии Шахтинского городского маслихата от 6 апреля 2012 года № 792/3 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Ереже · № 999/25 · қабылданған 25.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/iii-6-2012-no-7923-ekb-76803/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в решение III сессии Шахтинского городского маслихата от 6 апреля 2012 года № 792/3 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 999/25 ·25.12.2013
14.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение III сессии Шахтинского городского маслихата от 6 апреля 2012 года № 792/3 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 999/25 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение III сессии Шахтинского городского маслихата от 6 апреля 2012 года № 792/3 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" № 792/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
999/25
Қабылданған күні
25.12.2013
Көрсетілген редакция
14.06.2024 76803_707331.kaz
Соңғы өзгеріс
14.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13KH002510
ЭКБ идентификаторы
76803
Редакция идентификаторы
76803_707331
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:20

0 Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" № 792/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

1

1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуiрдегi III сессиясының № 792/3 "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы" шешіміне (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу Тiзiлімiне № 8-8-112 болып тiркелген, "Шахтинский вестник" газетiнiң 2012 жылғы 1 маусымдағы № 22 санында жарияланған), Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 29 тамыздағы IХ сессиясының "Шахтинск қалалық мәслихатының III сессиясының 2012 жылғы 6 сәуiрдегi № 792/3 "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы" шешіміне өзгерiстер енгiзу туралы" № 859/9 шешiмiмен өзгерiстер енгiзiлдi (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу Тiзiлімiне № 1946 болып тiркелген, "Шахтинский вестник" газетiнiң 2012 жылғы 18 қазандағы № 42 санында жарияланған), Шахтинск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 03 сәуірдегі XVII сессиясының "Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуiрдегi III сессиясының "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы" № 792/3 шешіміне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" № 915/17 шешiмiмен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу Тiзiлімiне № 2318 болып тiркелген, "Шахтинский вестник" газетiнiң 2013 жылғы 25 мамырдағы № 20 санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелеріндегі 2-тармағының 3) тармақшасындағы ";" белгісі "." белгісіне ауыстырылсын;

2 2) Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 2-тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;

3

3) Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 3-тармағындағы "жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын" сөздері алынып тасталсын;

4

4) Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 4-тармағындағы ", жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын," сөздері алынып тасталсын;

5

5) Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 11-тармағындағы ", жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде) пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын" сөздері алынып тасталсын;

6 6) Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 16-тармағының 8) тармақшасындағы ";" белгісі "." белгісіне ауыстырылсын және 9) тармақшасы алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Қолданыстағы