Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясын құру туралы
Күшін жойған
Қаулы
·№ 153/15
·
12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясын құру туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 153/15
- Қабылданған күні
- 16.10.2003
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2009 · қолданыстағы AI17598_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03PJ002112
- ЭКБ идентификаторы
- 17598
- Редакция идентификаторы
- AI17598_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:53
0 Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссия құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатқа бекiтуге ұсынылсын.
2 2. Комиссияның ережесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкiмiнiң орынбасары А. Закирьяновқа жүктеледi.
4 Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясының ЕРЕЖЕСI
Аудан әкiмдiгiнiң
2003 жылғы "17" қазандағы
"Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы
тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен
белгiлеу жөнiндегi комиссиясының
құру туралы" № 153/15 қаулысымен
бекiтiлген
Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк
тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясының
ЕРЕЖЕСI
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссиясы - консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2 2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзгi Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және басқа нормативтiк-құқықтық актiлер құрайды.
2 2. Комиссияның мақсаты мен мiндеттерi
3 3. Комиссияның негiзгi мақсаты:
1 1) Комиссия мүшелерi тұрғын үй қажет ететiндердiң кезектiлiгiн ұйымдастыру.
4 4. Комиссияның мiндеттерi:
1 1) тұрғын үй қажет ететiндердiң кезектiлiгiн бақылау;
2 2) қажеттi құжаттардың тапсырылуын бақылау;
3 3) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, тұрғын үй қажет ететiндерге кезексiз үй беру туралы шешiм қабылдау.
3 3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi
5 5. Комиссия мәжiлiстерi қажет болғанда, өткiзiледi.
6 6. Комиссия мүшелерiнiң үштен екi бөлiгi қатысса , оның мәжiлiстерi құқықты болып саналады.
7 7. Мәжiлiске қатысқан комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданып, ұсыныс сипатында болады. Комиссия мәжiлiсiне қатысып отырған мүшелердiң көпшiлiгi дауыс берсе, шешiм қабылданған болып саналады. Дауыс саны тең болса, төрағаның дауысы шешуi болады.
4 4. Комиссияның құрылуы
8 8. Аудан әкiмдiгiнiң қарамағындағы тұрғын үйлердi кезектiлiк тәртiбiмен белгiлеу жөнiндегi комиссияның құрамы, заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатында бекiтуге ұсынылады.
9 9. Комиссияның төрағасы - аудан әкiмiнiң орынбасары басқарады.
Комиссия төрағасының орынбасары аудандық коммуналды шаруашылық, көлiк және коммуникация бөлiмiнiң бастығы болады.