Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Irdyn Minerals»

Қаулы · № 223 · қабылданған 13.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/irdyn-minerals-ekb-183308/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Irdyn Minerals» Қолданыста Қаулы ·№ 223 ·13.06.2023
13.06.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Irdyn Minerals»

Қолданыста Қаулы ·№ 223 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Irdyn Minerals»
Атауы (қаз.)
«Irdyn Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
223
Қабылданған күні
13.06.2023
Көрсетілген редакция
13.06.2023 183308_639844.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NC00223A
ЭКБ идентификаторы
183308
Редакция идентификаторы
183308_639844
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:24

0 «Irdyn Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69 және 71-1-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Irdyn Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, Арқалық қаласының Екідін ауылы, аумағында орналасқан жалпы алаңы 1985,5116 гектар жер учаскесіне, 2029 жылғы 05 сәуірге дейінгі мерзімге, қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы