Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение IV сессии Каркаралинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 4/36 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи"

Ереже · № 13/108 · қабылданған 21.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/iv-13-2012-no-436-ekb-71626/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение IV сессии Каркаралинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 4/36 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 13/108 ·21.02.2013
16.05.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение IV сессии Каркаралинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 4/36 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 13/108 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение IV сессии Каркаралинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 4/36 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Қарқаралы аудандық мәслихаттың IV сессиясының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13/108
Қабылданған күні
21.02.2013
Көрсетілген редакция
16.05.2024 71626_701109.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13KM002239
ЭКБ идентификаторы
71626
Редакция идентификаторы
71626_701109
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:40

0 Қарқаралы аудандық мәслихаттың IV сессиясының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қарқаралы аудандық мәслихаттың IV сессиясының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-13-121 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы N 39-40 (11059) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) шешімнің тақырыбындағы, 1 тармағындағы және көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы тақырыбындағы, кіріспесіндегі, 4-тарауының атауындағы, сондай-ақ Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына қосымшадағы орыс тіліндегі "предоставления" сөзі "оказания" сөзімен ауыстырылсын;

2 2) көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының 8, 9 тармақтары алынып тасталсын;

3 3) 2 тармақтың 4) тармақшасындағы "." белгісі ";" белгісіне ауыстырылсын;

4 4) 2 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

"5) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге.";

5

5) 3 тармақтағы "мөлшерінен аспайтын," сөзінен кейін "жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге," деген сөздерімен толықтырылсын;

6 6) 18 тармақтың 8) тармақшасындағы "." белгісі ";" белгісіне ауыстырылсын;

7 7) 18 тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

"9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.".
Енгізілген толықтырулар 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.

2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қарқаралы ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
______________________Б. Жұманбаев
20 ақпан 2013 жыл

Қолданыстағы